«Менің Қазақстаным» әнұраны қалай шыққан?

«Менің   Қазақстаным» әнұраны   қалай шыққан?

(Мемлекеттік әнұранның әнін жазған авторы Шәмші Қалдаяқовпен ретроспективалық сұхбат)

– Шәмші аға, газетке мақалам шықты!

– Не мақала ол?

– Қазіргі қазақ өнеріне көңіл толмайды. Біреулер қазақ тілін қор қылып, білгенін шығарады, әлде біреулер көк туымызды қор қылады. Солардың барлығы түк болмағандай жүреді. Сізді ше? Сіздей тұлғаны қазақтың көгіне көтермей қудалап, көзіңіздің тірісінде қаншама қорлық көріп өттіңіз! Ал қазір ешкімге де ешқандай жаза қолданбайды. Ең сорақысы халықтың алдына, сахнаға ішіп шығатындары.

– Е-е балам, кезінде бізді де ішкіш деді ғой.

– Ой, Шәке, сіздердің замандарыңызда кім ішпеді? Қазір заман басқа.

– Оның рас, өмірімнің соңғы кездерінде бұтымдағы шалбарымнан басқа түк болған жоқ. Қазақтар өзі береді де, өздері шешіндіріп алады. Өздері арақ беріп сыйлайды да, артынша «ішкіш» деп шулайды. «Айқайлағанның бәрі әнші емес, арақ ішкеннің бәрі Шәмші емес» деп жүрген де өз қазағым.

– Есесіне, Шәке, қазір сіз қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматсыз. Сіздің әндеріңізді білмейтін қазақ жоқ. Жақында «Қазақстанның еңбек ері» атағы да берілді сізге. «Менің Қазақстаным» деп шығарған әніңіз мемлекеттік әнұран болып кетті. Сол әннің шығу тарихын айтып өтсеңіз.

– 1956 жылдың аяғында «Менің Қазақстаным» әнін жазуға тура келді. Кезінде біздің мынау терістіктегі, солтүстіктегі бес облысымызды Целинный край деп бөлмекші болған кездер еді, сол кезде қазақ жұрты шулады, орыстар бөліп алайын деп жатыр деп. Міне сол кезде «Менің Қазақстаным» деп жазған ұран әнім еді. Ол әннің сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов деген қазақтың талантты ақыны еді, өзі домбырашы консерваторияда бірге оқығанбыз. Сенің кеудеңде қазақ деген қаның бар ғой,  «Менің Қазақстаным»  деп  сен  сөзін  жаз, мен әнін жазам деп екеуміз келістік. Кейін ән дайын болғанда Жамал (Омарова) апамызға барып көрсеттік. Жамал апайымыз бірден ұнатып, қағып алды да,  радиоға барып орындады. Радиодағы жігіттерге күніне осы әнді бір-екі рет беріп қойыңдар деп айтып қойдық. Сонымен күніне радиодан бір-екі рет «Менің Қазақстаным» әнін беріп отырды. Қазақ жері осылайша бөлшектелгелі жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын Әнұран қажеттігін сездім. «Менің Қазақстаным» солай туды.

 – Шәмші аға, сіз қай күні туғансыз?

 –  Біздің кезімізде «Метірке» деген болмаған. «Нақты пәлен күн еді» деп тап басып ешкім айта алмаған. Әйтеуір, өзім, анамның айтуынша, ежелгі қазақша жыл санау бойынша жылқы жылы, яғни 1930 жылдың жазында, саршатамыз айында дүниеге келген екенмін. Құжатымда «15 август» деп жазылған. Анам «шөптің басы сарғайып, қурай бастаған шақ болатын» деп отыратын. 

– Шәке, бір түсінгенім бұл өмірде бәрі де уақытша, сіз кезінде қорлық көрдіңіз, ал қазір керісінше сізді күллі қазақ елі ұлықтайды, ал бүгін шалқып жүргендердің де көп ұзамай дәуірі бітер…

РАУАН МУТАИР
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 117
ҚАРА ҚЫЛДЫ  ҚАҚ ЖАРЫП
Болат ЖАППАРҰЛЫ, ардагер журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - 11.01.2025 36
ҰЛУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ІРІ ОҚИҒАЛАР
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 10.01.2025 109
Халықтан қорыққан әкім әкім емес!
Нұрила БЕКТЕМІРОВА - 10.01.2025 26
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 117
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 153
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 125
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 101
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1466
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1899

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12714
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11618
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14854
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13801
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18824