МЕРЕКЕЛІК Алтын күз ЖӘРМЕҢКЕСІ

МЕРЕКЕЛІК Алтын күз ЖӘРМЕҢКЕСІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай ҚазҰУ-дың ұжымы мен студенттеріне арналған берекелі де мерекелі «Алтын күз»  жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оның соңы спорттық марафонға, салтанатты шеруге ұласты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жиылғандарды Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекеге қатысушылар мен қонақтар ҚазҰУ-дың «Алтын күз» жәрмеңкесін тамашалады. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдарының бірегей үлгілері, түрлі ұлттың тағамдары, кондитерлік және азық-түлік өнімдері қойылды. Сурет көрмесінің экспозициясында студенттердің стартап жобалары ұсынылды, Студенттер арасында «Ділмар» шешендік байқауы, концерт, кітап көрмесі және ұлттық қолөнер үлгілері, әр елдің мәдениетімен таныстыру іс-шаралары өтті.

Арнайы ұйымдастырылған мерекелік күзгі марафонға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, шетелдік мұғалімдер мен 1000-нан астам білім алушы жастар қатысты. Күзгі спартакиада картасындағы квест ойыны қызықты әрі көңілді болды. Спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын ұстануға, денешынықтыруды насихаттауға үндейді. Сонымен қатар жастар арасында шахмат, қазақша күрес, еркін күрес, тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Марафон соңында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев 1000 қатысушының арасынан суырылып шығып, алғаш келген жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен Алғыс хаттар табыстады.

ҚазҰУ-дың кітапхана алдында ән кешін тыңдап, әр елден келген студенттердің дайындаған өнімдерін тамашалап, сауда жасап, кәдесыйлар алдық. 

Бұл іс-шара студенттердің мерекелік салтанатты шеруімен жалғасын тапты. Жастар қолдарына Қазақ елінің туын ұстап, Әл-Фараби даңғылынан «Мәңгілік ел» аркасына дейін барып, республика бойынша басталған челленджді қолдап, мемлекеттік Әнұранды шырқады. Кеудемізді патриоттық сезім кернеді. 

Л.С.ҚҰРБАНОВА, Б.Х.ТҮСІПОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 20
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 29
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1018
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7064
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10912
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7133
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7275