Мерекелік тарту жасады

Мерекелік тарту жасады

  Оралдағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұжымы Наурыз мерекесіне орай өнерсүйер халыққа керемет кеш тарту етті. 

    «Ғасырлар үні» деп аталған концерттік бағдарлама басталмас бұрын көрермендер филармония ұжымы жайған дастарханнан дәм татты. Бұдан соң филармонияның жасыл залында фототүсірілім ұйымдастырылып, “Назерке” халық биі ансамблінің артистері Армат Сайлауов, Айбар Амандықов, Ақжол Намазов,  Руслан Шаңғалиев, Жансая Ағарбай күй атасы Құрманғазының, үш жүзге ән оздырған Мұхиттың, Ғарифолла  мен Дәулеткерейдің, күйші анамыз Динаның образын сомдап, жиналғандардың көз қуанышына айналды.

    Мерекеге сай қазақы нақышта безендірілген сахна төрінде филармониямыздың дәстүрлі әншілері екі топқа бөлініп, екі ауылдың өнерпаздары болып өнерін халыққа ұсынды. Жырдан алқа тағынып келген «Мұрагер» ауылы өнерпаздарының көшін аталмыш концерттің авторы,«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші Еркін Өтегенов бастаса, талай додаларда жыр тізгінін өзгеге ұстатпаған ұлттық ән мен күйді қатар дәріптеп жүрген «Қазына» ауылының көшін бастаған ақын Абдул Рахметов болатын.

    Екі ауылдың өнер бәйгесі асық арқылы жеребе тартылып басталды. Қазынасы өнерге толы «Қазына» ауылының өнерпазы, республикалық байқаулардың лауреаты Бейбіт Қажғалиев Жамбыл атамыздың «Жаз» термесімен бастаса, оған жауап ретінде «Мұрагер» ауылының өнерпазы,«Ерен еңбегі үшін»  медалінің иегері Дастан Есентеміров ұлы Абайдың «Жаз» әнімен жауап қайтарды. Өнер бәйгесінде «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі, күйші Берік Шаймарданның орындауында Құрманғазының «Төремұрат» күйі, мультиаспапшы Аслан Ғұмаровтың орындауында Динаның «8 март» күйі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артистері Тұрлыхан Абухановтың орындауында «Аққу» күйі, Бекзат Рамазанның орындауында Қазанғаптың «Ұршықтың жұртта қалғаны» күйлері күмбірледі. Қазақтың халық әнін қаз қалпында сақтап, нақышына келтіріп орындап жүрген қос ауылдың өнерпаз арулары, республикалық конкурстардың лауреаттары Ақмарал Кемелханова, Назгүл Қабиева, Айжан Мұхамеджановалар осы кеште сал Мұхиттың, Ғарифолла Құрманғалиевтің  әндерінен шашу шашты.

Мерекелік кеш халық композиторы, батыс ән мектебінің негізін қалаушы Мұхит Мералұлы бабамыз бен Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерімен жалғасты. Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың бас жүлде иегері Серік Абдрахманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,«Құрмет» орденінің иегері Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткері «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сағадат Рахметжанов  бабаларымыздан мирас болған әндерін әуелетті.

    Ұлыстың ұлы күніне арналған кеш өнерлі бүлдіршін Хорлан Мақсоттың және «ККК» би студиясы биішілері мен «Назерке”» халық биі ансамблі артистерінің билерімен қорытындыланды.

    Осынау керемет Наурыз мерекесіне арналған концертті ҚР Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев жүргізді

Олжас СЕЙТІМОВ, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ақпарат бөлімі басшысы
22.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 87
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 70
Мойыны озғанды оқ табады
ДӘУЛЕТБЕК БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, ҚЖО-ның мүшесі, Ақпарат саласының үздігі - 04.05.2023 1241

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 59
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 58
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 148
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 308
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 490