Могулшы қыздарымыз да жүлдесіз қалды

Могулшы қыздарымыз да жүлдесіз қалды

Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде Ұлттық құраманың көш басшысы Юлия Галышева жүлдесіз қалды. Аталған сынға Олимпиада ойындарын екінші іріктеуден бастаған Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева финалға сүрінбей өткен болатын. Бірінші финалда отандасымыз 74,97 ұпайға ие болды. Бұл нәтиже үздік он екі могулшы өнер көрсететін екінші финалға жолдама сыйлады. Бұл кезеңнен жетінші орынмен шыққан Юлия Галышева екіншісінде сәтсіздеу өнер көрсетті. Нәтижесінде 49.74 ұпаймен үздік алтылық бақ сынайтын супер финалға шыққан жоқ. Осылайша, Пхенчхан Олимпиадасының жүлдегері Бейжіңдегі жарыс жолын 11-орынмен аяқтады. Сонымен қатар аталған спорт түрінен екінші іріктеуде қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті: Олеся Граур – 18-орын; Аяулым Әміренова – 12-орын;   Юлия Галышева – 9-орын;  Анастасия Городко – 11-орын. 

 

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567