Момыш бұлағы

Момыш бұлағы

Момыш бұлағы – Бауыржан Момышұлының туған жері. Көлбастау мен Талапты ауылдарының орта тұсында, Орақ- балға аталатын ескі жұрттың батыс тұсында орналасқан. Бұлақ 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген. Жуалы ауданының Көлбастау, бұрынғы Орақ-балға, Талапты аталатын ауылдарының Алатауға қараған оңтүстік беткейлері сансыз бұлақтарға толы. Сондықтан да бұл мекенді кейбір көнекөз қариялар Мыңбұлақ деп атайды. Мыңбұлақ туралы ескі жазба деректерді Қазақстанның оңтүстік аумақтарын аралап қайтқан қытайлық жиһангер Сюань Цзяньның 630 жылдар шамасында жазған естеліктерінен кездестіруге болады. Ол қазіргі Жамбыл облысының батыс шетіндегі Мыңбұлақ өңірінің жанға жайлы екендігін тамсана жазып, оны жаздың ыстық айларында Түрік хандары Түркібасыдан келіп жазғы мекені ететінін баяндайды. Шерхан Мұртаза өзінің «Ай мен Айша» романының «Қоңыраулы еліктер» атты әңгімесінде жазғы шілдеде Түркістан жақтан ба, Түлкібас жақтан ба, жаз жайлауға хан ордасы осы Мыңбұлаққа көшіп келіп, Ақ ордасын орнатып, сырнайлатып-кернейлетіп, сауық- сайран өмір сүретіндігін және елік асырап, саят құрғандығын баяндайды.  Ғылыми-көпшілік деректерде Хан ордасы орналасқан Түркібасы мен оның шығыс жағындағы Мыңбұлақ жалғасып жатқан мекендер, арасы 35-40 шақырым ғана «Бұл жерге Ызбарлы хан (Естемес ханның бесінші ұрпағы) 651 жылы атасының жазғы мекені Мыңбұлаққа арнайы қала салдырып ордасын тікті», – деп көрсетілген. Мыңбұлақ туралы Араб жиһангері Убейдаллаһ ибн Абдуллах ибн Хордадбек (846 жылы) және Кудама ибн Жафар (Х ғасырдың басында) өздерінің қолжазбаларында: «Бұл Мыңбұлақ (Абарджадж) үлкен төбе, оның айналасынан мыңдаған бұлақтар ағып шығады. Абарджадж қаласының бұрынғы аты Мыңбұлақ болған деген деректер бар», – деп сипаттайды.  Ұлы Жібек жолының негізгі арнасында орналасқан қалалар мен керуен бекеттері туралы құнды деректердің бірінде араб географы Убейдаллаһ ибн Хордадбектің 846- 847 жылдары жазған күнделігінде: «Испиджабтан (Сайрам) Будухкетке келдік, одан Тамтаджға (Түлкібас), одан Абарджаджға (Мыңбұлақ) 4 фарсах жол жүрдік, одан Баркуабтағы (Теріс) бекетке дейін 6 фарсах жол жүріп, Жувикет арқылы Таразға жеттік», – деген мәліметтер қалдырған. Міне, тарихы тереңнен сыр шертетін Мыңбұлақтың бір саласы бүгінгі таңда Момыш бұлағы деп аталады. Момыш бұлағы тау етегіндегі жазық алқаптың шағын сай басталар жерінен шығып жатыр. Қазір бұлақ маңында жалғыз бұта, екі-үш топ ши өсіп тұр. Бастаудың көзі, басталар жері сары топырақты жарлауыт, жағасында құрақ өскен. Бұлақтың суы шағын ғана. Оның батыс жақ іргесінде 200 қадамдай жерде және бір бұлақ бар. Ол – Есдәулет бұлағы деп аталады. Екі бұлақтың ортасы 2 гектардай тегіс, шөбі шүйгін алқап. Жергілікті көнекөз қариялар бұрын екі бұлақтың түйіскен жерінде мал суарып, ат шомылдырып, қой тоғытатын тоған болғандығын айтады. Осы Момыш бұлақтың басында ерлік даңқы әлемге жайылған батыр Бауыржан дүниеге келген, оның кіндік қаны тамған, сәбилік шағын өткізген киелі мекен саналады. Бұлақтың шығыс жағындағы дөңесте Құли баба ұрпақтарының ескі жұртының, Момыш пен Момынқұлдың үйлерінің орны жатыр. Бұл жер туралы Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» кітабында жан-жақты баяндайды. 

Дайындаған Нұржан ҚАДІРӘЛІ, aqjolgazet.kz
15.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 101
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 113
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 204
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 204
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 343
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 573
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 517

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9221
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8617
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11843
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9613
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10826