МҚІА-ға жүгінген қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

МҚІА-ға жүгінген қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі –

халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл ретте, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.

Жыл басынан Агенттікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтардың 425 өтініші қаралды. Оның қорытындысы бойынша 142 жеке және заңды тұлғаның дәлелдері расталып, құқықтары қалпына келтірілді.

Азаматтардың өтініштері бойынша тексерулерден кейін мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты ұйымдардың 72 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтар тарапынан түскен шағымдардың көпшілігі жер қатынастары, сәулет, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы іс-әрекеттерге қатысты болып отыр.

Мысалы, Ақтөбе облысында бір ЖШС-не көлік құралдарын тіркеу бойынша қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталды. Көрсетілетін қызметті алушыға айыппұлдар бар деген негізбен автомобильдерді тіркеуден бас тартылған. Алайда, тексеру қорытындысы бойынша арнайы ХҚКО ақпараттық жүйесінде айыппұлдар өтелсе де, айыппұлдардың болуы туралы дұрыс емес деректер бас тартуға негіз болған.

Осылайша, Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу арқылы, көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Алматы облысында Іле аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өтініш білдірушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бірнеше рет бас тартқан. Бірінші бас тартуға жер теліміне құқық белгілейтін құжаттың жоқ болуы, екіншісі – жер телімінде рұқсат етілмеген құрылыс себеп болған.

Алайда, Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген тексеру барысында жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар қоса берілгені және жер телімінде рұқсат етілмеген құрылыстың жоқтығы анықталды. Осылайша, уәкілетті органның араласуы нәтижесінде сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді.

Ұлытау облысында азаматқа тұрғылықты мекенжайы емхананың қызмет көрсету аймағына кірмеуіне байланысты «медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылған.

Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінде шағымды қарау нәтижелері бойынша негізсіз бас тарту фактісі анықталып, нәтижесінде көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Қостанай облысында заңды тұлғаның өтінішін зерделеу барысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілмеуінің негізгі себебі ретінде Қостанай облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларымен 3 – 10 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс өтініштердің тым ұзақ уақыт қаралуы анықталды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында МҚІА аумақтық департаменті Қостанай облысының әкіміне басқарманы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы хат жолдады.

Агенттік аумақтық департаментінің іс-әрекетінен кейін басқармаға субсидиялау мәселелерін қарау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімдерді жасақтау үшін қосымша 4 штаттық бірлік бөлінді.

Нәтижесінде «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы бойынша 195,4 млн.теңге сомасында инвестициялық субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушының 14 өтініші бойынша шешім қабылданды.

Солтүстік Қазақстан облысында азамат Жамбыл ауданының ХҚКО-на өз қолымен жасалған сатып алу-сату шартын бере отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін жүгінді. Заңнамаға сәйкес, қызмет ақысыз негізде көрсетілуі керек.

Алайда, ХҚКО-мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ақылы түрде көрсету ұсынылған.

Агенттіктің СҚО бойынша аумақтық департаментінің араласуы нәтижесінде қызмет тегін көрсетіліп, ақылы қызмет көрсетуге жұмсалған қаражат қайтарылды.

Атап өту керек, ағымдағы жылы барлық өңірлерде Агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram арналары іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген. Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Агенттік қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі
12.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722