Мұғалім жұмысын оңайлатқан заманауи тәсілдер

Мұғалім жұмысын оңайлатқан  заманауи тәсілдер

«Білім алу үшін қалыпты жағдай жасау мемлекеттің маңызды  міндеті

 болып табылады... «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру  

Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да 

 ерекше бақылауында болуға тиіс»

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 

 

«Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын бүгінгі жастарға қарағанда  әріптестерім жақсы түсініп, қадірін біледі деген ойдамын. Олай деуімнің себебі, еліміз өз алдына ел болғанға дейін білім алып, Кеңес дәуірінің соңын көрді. Жоғары білім алу сол алғаш тәуелсіздік алған жылдары басталды. Әрине, ол кезді қазіргі заманмен салыстыруға келмес, қиын кезеңдерді бастан кештік. Осындай екі дәуірді бастарынан өткерген ұстаз үшін, салыстырар жаңалықтары мен жетістіктері өте көп деп ойлаймын.

Менің бұл эссені жазуыма түрткі болған, өзімнің оқушы кезім мен бүгінгі өз алдына дербес ел болған, аты әлемге әйгілі Қазақстан деген елде білім алып, тәрбиеленіп отырған шәкірттерімді негізге алу еді.

Өзім көп жылдан бері ұстаздық қызмет етіп жүрген, Алматы қаласының  №172 мектеп-гимназиясы  2003 жылдың 9 қаңтарында 37 сынып 900 оқушымен өз жұмысын бастаған. Думан ықшамауданында орналасқан мектебіміз таза қазақ тілінде білім береді...

Еліміздің білім беру жүйесінде 2017-2018 жж оқу жылынан жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Қоғамның дамуына байланысты бүгінгі білім ордалары да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр.  Олай дейтінім  мектебіміздегі бастауыш сынып оқушылары үшін соңғы үлгідегі заманауи  жабдықталған СМАРТ тақталар мен компьютерлерді мақтанышпен айта аламын.

Иә, соңғы жылдары жалпы білім беретін мектепте мультимедиялық технологияларды қолдану мәселесі тереңірек зерттелуде. Бұл тек заманауи техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар оқытудың мүлдем басқа формалары мен әдістері болғандықтан, оқу процесіне жаңа көзқарас ретінде қабылдауыңыз тиіс. Мультимедиялық оқыту құралдарын пайдалану оқытуда тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыруға көмектеседі, балалардың ерекшеліктерін, олардың оқу деңгейін, бейімділігін ескере отырып, оқытуды дараландыруды және саралауды қамтамасыз етеді. Оқушылар жыл сайын ақпараттық технологиялар тұрғысынан дамиды. ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Жаңа білімнің, ақпараттық сауаттылықтың, өз бетінше білім алу қабілетінің қажеттілігі білім берудің жаңа түрінің пайда болуына ықпал етті. 

Жаңа материалды түсіндіру кезеңінде мұғалімнің әңгімесін суреттеу үшін мультимедиялық технологияларды қолдану өте қызықты. Компьютерлік бағдарламалар әртүрлі көрнекі иллюстрациялар мен дыбыстық сүйемелдеуді жасауға көмектеседі, бұл оқытуда көрнекілік принципін жақсырақ жүзеге асыруға ықпал етеді.

Әдетте, компьютерлік техникамен таныс мұғалімдер мен оқушылардың көпшілігі акустикалық жүйелерді (динамиктерді), компьютердің дыбыстық картасын (тақтасын), микрофонды, арнайы компьютерлік бейнекамераны және мүмкін джойстикті аппараттық мультимедиялық құралдардың қатарына жатқызады. Бұл құрылғылардың барлығы, шын мәнінде, мультимедиялық жабдықтың кең таралған компоненттері болып табылады, оларды пайдалану өте қарапайым, жеткілікті түсінікті мақсатқа ие және егжей-тегжейлі сипаттауды қажет етпейді. Негізгі мақсаты оқытудың тиімділігін арттыру болып табылатын мамандандырылған мультимедиялық құралдар әлдеқайда қызығушылық тудыруы мүмкін. Қандай жақсы ойлап табылған дүниелер! Мұғалімнің жұмысын қаншама жеңілдетіп отыр. 

Дәстүрлі бастауыш білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бастауыш сынып оқушыларының оқу процесін олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ажыратуға мүмкіндік береді, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімге оқу ақпаратын ұсыну тәсілдерінің спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді, оқу процесін икемді басқаруға мүмкіндік береді, әлеуметтік маңызды және өзекті.

Интерактивті тақтаны қолданған кезде әдеттегі сабақ тиімдірек болады, сабақтың динамикасы артады, бейне әрекет мүмкіндігі, ақпаратты жедел алу мүмкіндігі ашылады. Интерактивті тақталар арқылы оқыту әдеттегі оқыту әдістерінен айтарлықтай ерекшеленеді, дегенмен сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез келген кәсіп, оның ішінде интерактивті технологияларды қолдана отырып, нақты жоспар мен құрылымға ие болуы керек, белгілі бір мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуі керек. Мұның бәрі оқушыларға материалды жақсы меңгеруге және оны бұрыннан білетін нәрселермен байланыстыруға көмектеседі. Мұғалім мен оқушының интерактивті шығармашылығы шексіз. Оны тек оқу мақсаттарына жету үшін шебер бағыттау, пайдалану маңызды.

Мұғалімді қағазбастылықтан арылтып, оңтайлы жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр. Бұрынғы қара тақта, бұрқыраған боры, үсті-басымыз ағала болған дәуір өтті. Талай түн-күн қағаздан жасаған, арасында қолымызды жарақаттайтын көрнекілік жасауға да үлкен септігін тигізді осы тақталар. Бәрі дайын. Заманауи СМАРТ тақталарымыз бүгінгі көшілгері дамыған шәкірттеріміздің сапалы білім алуына пайдасы орасан зор мүмкіндік. Ендеше, «заманына қарай амалы» демекші, бұрынғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де, сәні де кеткен уақыт. Сонымен заманауи жабдықталған сынып, сол сыныпқа  сабақ беретін мұғалімде заман талабына сай, әрине, жан-жақты, білімді, цифрлы мұғалім болуы шарт. Осындай білім саласындағы ең үлкен жетістіктің бірі болған ақпараттық коммуникативтік технологиялар  немесе цифрлық сауаттылық. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қарқынды даму жүріп жатқан заманда ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін ұстаз шеберлігі емей немене деген сұрақпен ойымды аяқтайын. Бүгінгі білімді бала – жарқын келешек кепілі, сондықтан бейбіт заманда, бар жағдай қарастырылғанда балаға сапалы білім нәрін беру парызымыз деп санаймын.

 

Ботагоз Базарбековна МУХАТОВА, Алматы қаласының №172 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601