Мүгедектердің құқықтары қалай жүзеге асады?

Мүгедектердің құқықтары қалай   жүзеге асады?

Үкімет тарапынан 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген-ді. Оның ішінде,  «Мүгедектерге кедергісіз орта құру жөніндегі шараларды стратегиялық жоспарларға енгізу» және мүгедектерді өмірдің барлық салаларында қызметтер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шаралар бар.

Бұл мәселелер  мүгедектердің құқықтарын іске асыруға, оларға объектілер мен қызметтерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етіп, өмір сүру деңгейін көтеруге және мүгедектердің қоғамда бірігуіне мүмкіндік жасайды. Қазіргі кезеңде мүгедектіктің әртүрлі категориялары бар адамдар үшін мемлекеттік деңгейде кедергісіз ортаны құру бойынша міндеттемелерді орындау мониторингінің тиімді механизмі әлі күнге дейін жетілдірілмеген. Сол себептен  инфрақұрылым объектілері көп жағдайда мүгедектердің проблемаларын ескермейді.

Мемлекет мүгедектер мен басқа да әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың құқықтарына қажетті заман талабына сай жаңа заңдарды қарастыру қажет. Осы ережелер жүзеге асырылуы үшін ерікті түрде түсіндіріліп және қабылданған заңнамалар бұзылған жағдайда жазалануы қажет. Қоғам мүгедектерге дұрыс жағдай жасай алмаса, олардың күнделікті өмірінде  кездесетін қиыншылықтарының шешімі жоқ. Мәселен, мүгедектер арбасында отырған адам оңалту орталығына тиісті тротуармен, арнайы көлікпен жеткісі келеді.  Алайда пандус тік немесе мүлдем жоқ болса, арнайы лифтілер болмаса, мүгедек жанға қолайсыздық тудырады. Ал, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде күнделікті, еркін қозғалу үшін зағип жандардың  қоршаған ортадағы  қоғамдық көліктерді қолдану туралы түсінігі болу керек.  Бөгетсіз орта –  бұл физикалық, сенсорлық және ақыл-ойы кемістігі бар мүмкіндігі шектеулі жандардың  қоршаған орта элементтерін еркін қолдануға мүмкіндік беретін ортасы. Яғни бөгетсіз орта дегеніміз оңай әрі қауіпсіз ортаны жалпыға бірдей қамтамасыз ететін аймақ боп табылады. Адамдардың мүмкіндігін шектейтін нәрсе – физикалық жетіспеушілік емес, қоршаған орта және оның ыңғайсыздығы және қоғамның оларға деген қарым-қатынасы. Бұл мүгедектіктің әлеуметтік үлгісі бойынша «мүгедектік» ұғымының қазіргі заманғы түсінігі. Әлеуметтік модель мүмкіндікті шектейтін себептердің айқын бейнесін көрсетеді. Сонымен қатар мүгедектерді қоғамнан оқшаулайтын кедергілерді анықтауға және олардың қоғамның толық мүшесі болуына жол бермеуге, мәселені қалай шешуіне жауап береді.   

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479