Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қолдау және қоғамдағы инклюзия

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қолдау және қоғамдағы инклюзия

Мүгедектердің құқықтарын іске асыру, оларға объектілер мен қызметтерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін көтеру және мүгедектердің қоғамда бірігуіне мүмкіндік беретін заңнамалар қабылдануда. Осыған орай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шыққан заңы  бар. Қазір мүгедек балаларды инклюзивті білім беру жұмыстары жолға қойылған. Бұл дегеніміз – балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыру. Яғни баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, жалпы білім беру сапасын  сақтап, тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жеткізіп, жақсы өмір сүруге жағдай жасайды. Қазақстанда жақын жылдары мүмкіндігі шектеулі балалардың қатардағы мектепте тең дәрежеде білім алуы туралы стандарт енеді. Жалпы инклюзия тақырыбы – қоғамдағы өткір проблемалардың бірі. Себебі оған қоғам мен біз дайын емеспіз. Ашық және тең қоғамда өмір сүреміз десек те, мүгедек жандарды көргенде өн-бойымыздың басқа сезімде болатыны жасырын емес.  Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» ҚР заңдары мен Конституциясында бекітілген. 

Инклюзивті білім беру балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлесіп  оқыту қарастырылуда. Инклюзивті оқыту  барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Ол  оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатыстырады. Мұндай оқыту адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. 

Адамзат техниканың қарқынды дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты, ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге шапшаң еніп үлгерді. Ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз керек. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі айрықша талаптары бар балалар алдынан білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мұндағы неғұрлым тиімді жұмыс формаларының бірі дистанциялық оқыту болып табылады. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек», – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – міндетіміз. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет. Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы өзімен қатарлас дені сау балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру. Мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда Ақпараттық компьютерлік құралдардың барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Бұрын біз көрнекіліктерді көбінесе қағаздан жасап, оны әрдайым жаңартып отыратынбыз, ал қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға интерактивті тақтаны пайдаланамын. Қазіргі кезде мектептерде жаңа үрдіске сай жеке компьютерлер, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиа кабинеттері ашылып, интерактивті тақта орнатылды. Интерактивті тақта – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Бүгінде білім беруде интерактивті құралдар кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Барлық пәндер бойынша бағдарламаға сай тақырыптық DVD, CD-ROМ дискілерімен қамтамасыз етілген. Мультимедияның әдістемелік күші оқушыны бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне әсер етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Яғни оқушылардың көпшілігі естігенінің 5%-ын және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50%-ға дейін арттырады. 

НҰРЗИЯ АҒАБЕКҚЫЗЫ ӘЛІМБЕКОВА, «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ директоры
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380