МҰНАЙШЫ АУЫЛЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

МҰНАЙШЫ АУЫЛЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ
Атап айтсақ, «Сарқылмас Қуат» ЖШС-нің жел электр станциясын салу жобасы. Жоба құны 18,0 млрд. теңге. Іске қосу мерзімі 2024 жыл.
Қазіргі кезде, Мұнайшы ауылынан 45,5 гектар жер телімі бөлініп, жерге орналастыру жобасы және өндірістің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоба бойынша 50 МВт электр қуаты өндіріліп, 8 жел электр қондырғысы тұрғызылады.
Ашылатын жұмыс көзі  құрылыс кезеңінде 80 адам, пайдалану кезеңінде 12 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, алдағы жылдарда Қарақия ауданында бірқатар жобаларды іске асыру күтілуде.
Олар «Semrug Invest» көпфункционалды теңіз терминалы, «Kazpetrodrilling» құбыр өнімдерін шығаратын зауыт, «Aksu KMG» Тоқмақтағы теңіз суын тұщыту зауыты, «YDA Group» болат зауыты және «Caspian union group» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы.
Қарақия ауданындағы экономикалық өсудің маңызды факторы шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
05.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1166
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7214
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11078
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7278
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7425