Мұсылмандар бойкот жариялауда

 Мұсылмандар бойкот жариялауда

Мұсылмандарды біріктіретін үкіметтік емес халықаралық имамдар кеңесі ислам дінін ұстанатындарға 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиадаға баруға тыйым салды. Тыйым Қытайда тұратын мұсылман ұйғырларға жасалған қысыммен байланысты салынған. делінген ұйымның ресми сайтында, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұйымның ресми сайтында: «Олимпиадаға қатысу және бару «этникалық ұйғырларға жасалған геноцидке жауапты деспоттық режимді жақтау» болып саналады», – деп жазылған. Бұған дейін басқа елдерді Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға АҚШ, Аустралия, Канада және Ұлыбритания  шақырған болатын.  Олар Қытайға өз дипломаттарын жіберуден бас тартқан еді. Қытайдың Синьцзян аймағында миллионнан аса ұйғыр тұрады. Еуропалық және америкалық БАҚ-тар үкіметтің бұл ұлтты мемлекеттік лагерьлерде ұстап, жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін айтып келеді. Олардың пікірінше, мұнда тұратын мұсылмандарға өз балаларына дәстүрлі ат қоюға тыйым салып, шошқа етін жеуге және ішімдік ішуге мәжбүрлеген. Бұдан бөлек әлеуметтік желіде қытай ұлтының азаматтарын ұйғыр отбасына көшіргені жайлы және өз еркімен лагерьге келген ұйғыр әйелдерін марапаттайтыны туралы ақпарат тараған еді.  Олимпиада ойындары 4 және 20 ақпан аралығында өтеді.

              

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4792
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4958
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19908
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18561
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22020