Мұз үстінде балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері!

Мұз үстінде балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері!
Балықшылар мұз үстіне шығатын уақытты асығы күтеді. Бірақ қыс кезіндегі балық аулаудың біршама қауіптілігі бар екендігін ұмытпау керек. Мұз үстіне шығу - әрқашан да қауіпті іс. Т.Рысқұлов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі балық аулаушылардың назарына жасалған, негізгі мұздағы қауіпсіздік ережелерін ұсынады.
Мұзда адамның болуының негізгі қауіпсіз жағдайлары мыналар:
- ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі;
- бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керек;
- жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болуы керек;
- автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см-ден кем болмауы керек;
- судың температурасы 2-3°С кезде адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.
Мұз үстіндегі қозғалыс ережесі:
- Мұз үстіне шығу тек тәуліктің жарық кезінде болуы керек;
- Су айдынына шығар алдында мұздың мықтылығын тексеріңіз. Кәсіпқой балық аулаушыларға арналған жерлерде, тұрақты мұз қалыңдығын өлшеу жүргізіледі. Ол жеті сантиметрден кем болмауы керек;
- Балық аулау орнына мұз үстімен жүргенде, қар басқан жерлерден аулақ жүріңіз;
- Мұз үсті мөлдір болуы керек. Сүт түстес борпылдақ мұз беті қауіпті болады. Мұз бетімен жылжығанда оның түсіне назар аударыңыз. Неғұрлым мұз ашық түсті болса, ол соғұрлым қалың.
Балық аулау барысында:
- Мұз бетінде кішкентай алаңда көп топ болып жиналмаңыздар;
- Шектеулі жерде көп ойықтар жасамаңыз;
- Егер де сіз мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейленбеуге тырысыңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды шығарыңыз, содан кейін екіншісін. Барлық денеңізбен мұз бетіне шыққанда, ақырындап қауіпсіз жерге сырғанаңыз. Киіміңізді ауыстыру үшін мүмкіндігінше су айдыннан тезірек кетіңіз. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 101, 112 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі
11.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 406
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9064
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8461
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11688
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9450
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10668