«Мыс королінің» халыққа жаны аши ма?

«Мыс королінің» халыққа  жаны аши ма?

Қазақстандағы ең ауқатты 20 адамның байлығы – мемлекет 2000-жылдардан бері ақша жинап келе жатқан Ұлттық қордың жартысына тең. Олардың арасында «мыс королі», олигарх Владимир Кимнің шоқтығы биік. Дәстүрлі Forbes рейтингі бойынша «Kaz Minerals» тобы мен «Қазақмыс» корпорациясының мажоритарлы акционері Владимир Кимнің байлығы – 4,7 миллиард доллар. Қазіргі бағаммен теңгеге шақсақ, бұл шамамен 2 триллион теңге. Бірақ оның көп жағдайда активтердің нарықтық құны, әсіресе акциялар бағасына қатысты екенін ескеру керек. Бұл жағдайда кәсіпкердің қолда бар нақты капиталы өзіне қарасты акциялардан түскен акционерлік табыстан құралады. Былтыр Владимир Ким серіктесі Олег Новачукпен бірігіп, «Kaz Minerals» тобының еркін саудада жүрген акцияларын сатып алып, өз үлестерін 89 пайызға дейін жеткізген. Әрі енді халықаралық компанияны Лондон қор биржасынан алып кетті (делистинг), сол себепті бұдан былай компанияға инвесторлар үшін ашық ақпарат жариялаудың еш қажеті жоқ. «Kaz Minerals» 2020 жылы EBITDA көрсеткіші бойынша 1,4 миллиард доллар кіріс алған. Ал акционерлерге қарасты табысы 639 миллион доллардың шамасында болды. Топтың өзі жылдық есебінде «2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның акционерлеріне тиесілі капиталы 2,3 миллиард АҚШ долларын құрады» деп көрсетеді. Ол кездерде Владимир Кимнің «Kaz Minerals»-тағы үлесі шамамен 39 пайыз болғанын ескерсек, оның қазіргі бағаммен 385 миллиард теңге табыс тапқанын байқауға болады. «Kaz Minerals»-тан бөлек, Владимир Ким «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 70 пайызына иелік етеді. «Қазақмыс» 2020 жылдың қорытындысы бойынша өз акционерлеріне 111 миллиард теңге табыс әкелген. Оның 77,7 миллиард теңгесін Владимир Ким алса, қалған 33,3 миллиарды Эдуард Огайға қалды.  «Kaz Minerals» пен «Қазақмыстың» 2021 жылдың қорытындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі әлі шыққан жоқ. Былтыр Владимир Кимнің «Kaz Minerals» тобындағы өз үлесін кемінде 44 пайызға жеткізгенін ұмытпау керек. Олай болса, оның «Kaz Minerals»-тан алатын биылғы табысы былтырғыдан жоғары болады. Сонымен бірге «Қазақмыс» корпорациясынан да мол табыс келмек. Корпорацияның 9 айда кен өндіру бойынша өндірістік жоспарды асыра орындағанын әрі халықаралық биржада мыс бағасының едәуір қымбаттағанын ескерсек, биылғы сәуір айында Владимир Ким «Қазақмыстан» жеке өзіне кем дегенде 100 миллиард теңге дивиденд алуы тиіс. Еліміздегі ең бай адамның халыққа көмектесуге барлық жағдайы жетеді. Тек ниет болса болды. Тіпті 50 миллиард теңге берсе де, мемлекет пен қоғам үшін бұл үлкен қолдау болар еді. Бірақ, Ким мұндай «мырзалыққа» баруға  ниетті ме, жоқ па, бар гәп сонда. 

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9188
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8586
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11814
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9583
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10797