Нақты шешімдер айтылды

Нақты шешімдер айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы көптеген өзекті мәселелер көкейге қонды. Бұл Жолдауда Жаңа Қазақстанды құру барысында іске асырылатын қыруар мәселелер көзделген. Атап айтқанда, биыл су тапшылығы, құрғақшылық мемлекетіміздің өркендеуіне кері әсерін тигізгені баршамызға аян. Осы мәселеге орай Мемлекет басшысының Су ресурстары мен ирригация министрлігін құру керек деген тапсырмасы дер кезінде қабылданған шешім. Су саласына қатысты жеке министрлік тіршілік нәрін тиімді пайдалану жұмыстарына серпін берері анық.

Еліміздің экономикасын дамытудың бір өзегі – кәсіпкерлікті дамыту. Мемлекет басшысы тапсырған құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауына тосқауыл қою мәселесі де елдің мүддесіне құлақ асқандықтан туып отырғаны белгілі. Қазақстанды IТ мемлекетке айналдыру мен «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жандандыру да өте өзекті. 2029 жылға дейін 4 мың шақырым жолды жөндеу көптің көкейінде жүрген мәселе екені белгілі.

Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға жазаның күшейтілуі – өте құптарлық шешім. Әсіресе, соңғы кездері зорлық-зомбылық түрлері көбейіп кеткені жасырын емес. Тіпті, бұрын-соңды құлағымыз естімеген жауыздық әрекеттер орын алуда. Ондай зорлық-зомбылық жасаушы адамдарға қандай ауыр жаза белгілесе де аз. Сондықтан, бұл да көкейдегі нәрсе.

Президент жариялаған жаңа Жолдауда жақсы ойлар кеңінен айтылды. Енді жауаптылар айтылған тапсырмаларға сергек қараса, көптің көкейіндегі бірқатар мәселелер шешімін табатыны анық.

 

Күмісай СӘРСЕНБАЕВА, Мәдениет саласының үздігі. Қордай ауданы
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11729
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711