Нұр ағаң «жарқ» ете қалды!

Нұр ағаң «жарқ» ете қалды!

Айды аспанға шығарып, он екі мүшеңіз сап-сау, маңдайыңыз жарқырап, өзіңіздің перзентіңіз Нұр-Сұлтанның төрінде елді ойран-асыр етіп, пайда бола қалдыңыз. Бүкіл әлем сізді сан-саққа жүгіртіп, Қырғызстан асырды, одан Дубайға ұшырды. Сөйтсек бар билігіңізден айырылып, зейнеткердің қамытын киіп, жанымызда жүр екенсіз ғой. Өзіңіз 30 жыл басқарған еліміз дүрбелеңге түсіп, халқыңыз қырылып жатқанда қалай ғана шыдап жаттыңыз, Нұр аға! Сол үшін еліңіздің өкпесі сізге қара қазандай болатынын білген жоқсыз ба? Талайдың бастан кешкен сұңғыла емес пе едіңіз? Мұныңыз қалай? «Ештен кеш жақсы» деп қазақы көңілмен, көңіл жықпастықпен кешіре салатынымыз анық. Келе сала халқымызға мәлімдеме жасадыңыз. Бәрі дұрыс. Бірақ неге халқыңыздан кешірім сұрамадыңыз? Сөйтіп ақсақалдық танытуыңыз қажет еді. Бірақ оны жасамадыңыз. Сірә, өзіңізді кінәлі сезінбеген шығарсыз. Дегенмен халық – Алланың бір аты. Сол халқыңызға алғысыңызды айтып, кеткен қателіктеріңізге ғафу өтініп, жиған-терген байлығыңызбен бөліссеңіз, еліңіз кешіретініне сенімім кәміл. Сексеннің сеңгіріне шыққанда халқыңызды Қ.Тоқаевқа қалдырдыңыз. Байсалды, әлемдік саясаттың майын ішкен Қ.Тоқаев мырза күйзелген халқын екіге бөлмей, енді зорлық-зомбылық көрсетпей, оқ атпай, шуағын шашып, аман-есен бірлікпен, сабырмен халқын тығырықтан алып шығатынына сенейік. Алла еліме сабыр, береке тұрақтылық берсін. Енді қасірет келмесін. Алланың қалауымен, Желтоқсан батырларымен, өзіңіз алып берген ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ  ЕРТЕҢІМІЗ ЖАРҚЫН БОЛСЫН!

Қызай Байдібекқызы, Қоғам қайраткері, зейнеткер ұстаз
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607