Шығыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері, кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары «Nur Otan» партиясының белсенділері әскери қызметшілерге, патрульдік-күзетшілерге, Өскемен, Семей қалаларының коммуналдық қызмет қызметкерлеріне азық–түлік және тұрмысқа қажетті заттар негізінде гуманитарлық көмек көрсеті.
Атап айтқанда облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің жетекшісі Дмитрий Сомов, Облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің жетекшісі Жасұлан Шаймарданов, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі Сергей Каротин, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің жетекшісі, көпбалаы ана Анастасия Масалимова, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі «Страна чудес» балабақшасының директоры Лилия Мамбурова.
Одан өзге Семей қаласында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Семей қаласы бойынша бұл жұмыспен "Nur Otan" партиясының Республикалық Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәсихаттың депутаты Айбек Нұғымаров айналысуда.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда бүгінгі күні
"Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның аумақтық филиалдарының белсенділері еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік желілерде тұрақтылықты сақтау және Қазақстан Президентін қолдау туралы үндеулер жариялауда.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей осынау еліміздегі қиын қысау кезеңде бірлік танытып қолдау білдіру бұл біздің халқымызға тән қасиет. "Nur Otan" партиясының мүшелеріде осы қағидатты басшылықта ұстауда. Елімізде қандай оқиға орын алмасын нұротандықтар үнемі алдынғы қатардан табылып қолдау көрсетеді.
Оған дәлел коронавирус басталған сәтте өңірімізде «Biz birgemiz» акциясы арқылы ауқымды жұмыс атқарған болатын.
Сонымен қатар еске салар болсақ «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында жедел желі телефоны жұмыс істейді 705-530