Жаңаөзеннен басталған бейбіт шерудің соңы қайғылы жағдайға ұласқаны баршамыздың жабырқатып тастады. Еліміздің көптеген өңірлеріндегі секілді Елордамызда да біраз адамдар бейбіт шеруге шығып, елдегі қымбатшылыққа деген наразылықтарын білдірді.
Нұр-Сұлтан қаласында 4 қаңтар күні Әлем сауда орталығының маңында көлік жүргізушы азаматтар топтасып, газ бағасының қымбаттауы, жанар-жағар майдың қымбаттауына қарсы пікірлерін білдірді. Жергілікті халық «Питак» деп атайтын шағын алаңға жиналған 30- шақты адам ешқандай тәртіп бұзушылық жасамай, бейбіт түрде қарсылықтарын білдіргендерін айтты. Оларды полиция қызметкерлері бақылауда ұстаған. 4 қаңтар күні кешке қарай Тұлпар СО, Астаналық базар СО маңына жүздеген адамдар жиналып өздерінің Жаңаөзендегі бейбіт шерулерді қолдайтындықтарын, соңғы кезедір орын алып жатқан шұғыл қымбатшылықтарға төзбейтіндіктерін, осындай кұрделі жағдайларды реттей алмаған Үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп ұрандатып тұрды. Бұдан өзгеде әлеуметтік, экономикалық жағдайларды ашына жеткізіп, халықтың күн сайын күйзеліп жүргендігін жарыса айтып, үкіметтен оң өзгерістерді талап ететіндіктерін жарыса айтып жатты.
Жиналғандарыдың қарасы мөлшермен 1000- адамның айналасында болды. Мөлшермен кешкі 20:00-21:00 кездерінде кұштік құрлым қызметкерлері алаңға жиналғандарды ұстай бастады. Осыдан кейін көптеген адамдар қайтып кетті. Полиция, Ерекше жасақ және Ұлттық Ұланның сарбаздары бар барлығы тәртіпсіздікке жол бере қойған жоқ. Алайда кейбір азаматтардың түрлі уәждеріне қарамастан кұшпен сұйреп әкетіп жатты. Мөлшермен 22:00- кезінде көшелер толық тыныштандырылды. Жан-жақтан келіп жатқан адамдардың қарасы әлі де бар еді. Олардың арасында бір бірлерін Республика мен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы Жастар сарайының алдындағы алаңға жиналуға шақырып жатқандары болды. Алайда күштік құрлым өкілдері жылдам таратып жіберді.
Елорданың өзге көшелерінде де топталуға ниет еткен адамдарды полиция қызметкерлері жіті бақылап, таратып жіберіп отырған. Осы жолғы шерулер кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қанша адамның ұсталғандығы, белгілі мерзімге қамалғандығы туралы нақты ақпаратты кездестіре алмадық. Қалалық ІІД-ның сайтында, ІІМ-ның сайтында, әкімшіліктің сайтында бұл туралы ештеңе айтылмаған. Астаналықтар арасында таралған бейресіми ақпараттарға қарағанда 5-6 қаңтар кезінде түнгі рейд барысында 30-дан астам көліктен мылтық, пышақ секілді қарулар табылыпты...
Ал кешегі жиналыс кезінде Президенттің мәлімдемесінен содырлардың Президент резиденциясын басып алмақ болғандығы белгілі болды. Тағы бір хабарға қарағанда қалаға кіреберістегі тексеру бекетінде ішінде көптеген қару салып алып келе жатқан шағын автобус қолға түсіпті.
Қазір астанадағы жағдай тұрақты. Елдегі төтенше жағдайға байланысты бизнес субъектілерінің, оның ішінде сауда нысандарының, базарлардың, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс істеу тәртібі бекітілді. «Бизнес субъектілері, оның ішінде сауда нысандары мен базарлар, дүкендер, дәріханалардың ТЖ режимі кезінде жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін. Сонымен қатар, үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйымдар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдаушылардан басқа, коменданттық сағат басталғанға дейін азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды, шикізатты, материалдарды жұмыс кестесіне сәйкес үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру қажет»- деп хабарлады Елорда әкімшілігінің сайты.
Бұдан өзге Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Темір жол, автобус қатынастары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.