Нұртөре Жүсіп: Тәлім ТВ мен «Ел Арнаны» жасөспірімдер арнасына айналдыру керек

Нұртөре Жүсіп: Тәлім ТВ мен «Ел Арнаны» жасөспірімдер арнасына айналдыру керек

 Бұл жайында бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Нұртөре Жүсіп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиені дамытуда айтарлықтай алшақтық болды. Дегенмен сенаторлар бұл мәселені Үкімет алдында бірнеше рет көтеріп, тіпті осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жіберген. Мәселен, өткен жылы Сенатта ұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі ілгерілету мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Тыңдауға қатысушылар көптеген проблемалық мәселелерді көтеріп, жұмыс қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар берген.

«Сізден сол ұсынымдарға қайта назар аударуды, парламенттік тыңдау материалдарын Үкімет мүшелерінің бәріне таныстыруды және соларды жүзеге асыру үшін шұғыл әрекет етуді талап етемін! Сенат бес құндылықты – атап айтқанда, тәуелсіздік және тарихи таным, ел мен жер, тіл мен имандылық, ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие, білім мен біліктілік мәселесін қазақ қоғамының басты қағидаттары ретінде күн тәртібіне шығарды. Соның бірде біреуі назарға алынбады. Айтылған сөз айтылған жерде қалды», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп. Депутат сондай-ақ өзінің сауалында қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерді де айтты. Мұның ішінді телеарналардың негізгі бағдары да бар. Елдегі жетекші арналардың көпшілігі мемлекеттік тапсырыс есебінен бюджеттен қаржыландырылады. Оларға «рейтинг» не үшін керек деп сұрақ қойған депутат, «Ел Арна» және «Тәлім ТВ» арналарын жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды. Мұндай контентті жасау қажеттілігінің маңыздылығын екі ай бұрын ел Президенті атап өткен болатын. Сондай-ақ, депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін цифрлық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында бірқатар нақты мәселелерді көтерді. «Үкімет басшысынан осы айтылғандарды және Сенат қабылдаған Ұлттық құндылықтар туралы ұсынымдар мен әлеуметтік желідегі пайдалы ұсыныстарды тезірек елекке салып, нақты іс-қимыл жоспарын жасауды сұраймын. Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді. Бізге іргесі берік қоғам керек. Жаңарған Қазақ Елі керек! Осыны күн сайын есте ұстау керек», - деді сенатор.

 

 

Ақпарат inform.kz алынды https://www.inform.kz/kz/nurtore-zhusip-talim-tv-men-el-arnany-zhasospirimder-arnasyna-aynaldyru-kerek_a3888416
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9188
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8586
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11814
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9583
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10797