Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз

Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз

Әр отбасының, әр ауланың тұрақты табысының болуы маңызды. Ол үшін жергілікті жерлерде тек бюджет есебінен ғана емес, инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту арқылы олардың көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге жол ашылады. Бұл туралы Меркі ауданына жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов баса айтты.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі бұл жолы Меркі ауданына қарасты Ақтоған және Т. Рысқұлов ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Алдымен Ақтоғайда өткен кездесуде округ әкімі Данияр Абдіразақ өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Екі елді мекеннен тұратын округ аумағында «Тілеміс батыр» ЖШС мен 85 шаруа қожалығы және 57 жеке кәсіпкер тіркелген. Сонымен қатар, ауылдық дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, ветеринариялық пункт, мәдениет үйі, екі мектеп, шағын орталық пен жеке меншік балабақша, «Қазпочта» бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ауыл бойынша жалпы жердің көлемі 12639,9 гектар. Егістік жердің аумағы 5779,9 гектарды құрайды десек, ол толығымен игерілуде. Бұған дейін 9 қой шаруашылығы мен 6 МІҚ шаруашылығы субсидия алып, жұмыстарын жүргізуде. Есепті кезеңде 62200,0 мың теңгеге 11 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.

Сұрақ-жауап кезегінде өңір басшысы тұрғындарды толғандырып жүрген түрлі салаға қатысты сауалдарға облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап берді. Ауылдықтар жер, көшелерді жарықтандыру, жайылым, газ, экологияға қатысты мәселелерді көтерді. Т. Рысқұлов ауылдық округінде өткен кездесуде де аймақ басшысы тұрғындардың өзекті сауалдарына жауап беріп, кейбір жайттар бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. - Барлық сұрақтар назарға алынады. Жергілікті билік мәселелерді шешу бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыра береді. Даму жоспары аясында атқарылатын шаралар ел игілігіне негізделген. Ауыл әкімдері әр ауланың табысының болуына айрықша мән беруі тиіс. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға күш салу керек. Бұл тұрғыда тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі аса маңызды. Екі жақтан ортақ жауапкершілік болуы қажет. Қандай жағдайда да заңдылық пен тәртіп, қоғамдық келісім сақталуы тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жамбыл облысының әкімдігі
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 110
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 122
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 350
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 351
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 582
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 525

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9230
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8626
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11851
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9621
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10834