Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысының болуы маңызды

Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысының болуы маңызды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Талас ауданындағы жұмыс сапары Қызыләуіт ауылдық округінде жалғасты. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аталған ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы жергілікті халықтың түрлі сауалдарына жан-жақты жауаптар берді.

Өз кезегінде ауылдықтар жол жөндеу, жаңа балабақша салу, мал ұрлығы, суармалы су, бөгет салу және тағы басқа мәселелерді көтеріп, көкейдегі сауалдарын жолдады.

Облыс әкімі барлық мәселе заң аясында қарастырылып, жұмыстар тиісті жоспарға сай орындалатынын жеткізді.

- Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Осы орайда жергілікті тұрғындардың да жергілікті билікке деген сенімі де маңызды. Ортақ түсіністік, жауапкершілік болғанда ғана қордаланған мәселелерді шешуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ұйымшылдықпен, бірлікпен көп шаруаны тындыруға болады. Келер жылы округ “Ауыл аманаты” жобасына енеді деп күтілуде. Жоба аясында жеңілдетілген несие алып, шаруаларыңызды тіктеуге мүмкіндік бар. Мал басын көбейтіп, үй іргесіндегі жерді тиімді игеріп, тұрмыстық табысты арттыруға болады. Әр отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керек. Бұл жұмыстарды үйлестіруде ауыл әкіміне үлкен жауапкершілік артылады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесуден кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Бұдан соң облыс әкімі “Балдәурен” бөбекжай-бақшасы ғимаратының және Ұшқырәуіт бөгетінің жағдайымен танысты.

Қызыләуіттік жеке кәсіпкер Жарас Үсіпбеков үй іргесіндегі жылыжайында қияр өсіруде десек, тағы бір жеке кәсіпкер Сейсен Ұлтусын үй іргесінде аумақта биогумус өндірісін жүзеге асыруда.

Нұржан Нұржігітов қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін жолға қойған тұрғындардың жұмысын оң бағалап, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, 50 соттық аумаққа жүгері еккен Қанатбек Оразбеков 4 тонна өнім алуды жоспарлауда.

Мұнда облыс әкіміне Қызыләуіт ауылдық округінде “Ауыл аманаты” жобасы аясында атқарылатын жұмыстар баяндалды. Ауылдықтармен барлығы 130 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9548
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10761