Нұржан Нұржігітов: Басты мақсат - тұрғындарды барынша әлеуметтік игіліктермен қамту

Нұржан Нұржігітов: Басты мақсат - тұрғындарды барынша әлеуметтік игіліктермен қамту

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің Т. Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары Көгершін ауылдық округінде жалғасты.

Округ тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы олардың көкейдегі сауалдарына жауап беріп, облыс деңгейінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен алдағы жоспарға тоқталды.

- Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өңірдегі мәселелерді 2025 жылға қарай барынша шешуді көздеп отырмыз. Елді мекендерді ауыз су, газбен қамту, жолдардың жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысандар салуда жоғары нәтижеге қол жеткізуді жоспарлаудамыз. Біздің негізгі мақсатымыз - тұрғындарды толығымен әлеуметтік игіліктермен қамту,-деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде тұрғындар жайылым мәселесі, ауыз су, балабақша ауласын абаттандыру, амбулатория салу секілді өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі жайылым мәселесін реттеудің бес бағытына жеке-жеке тоқталып, ауыл әкімі сол бойынша жұмыстарды жүргізуі, ең алдымен қоғамдық өріс мәселесін шешуі тиіс екендігін баса айтты.

Сондай-ақ, ауылға дәрігерлік амбулатория салу үшін жауаптыларға құжаттама жұмыстарын уақыт созбай жүргізу керектігін ескертті.

Өзге де мәселелерге сәйкес тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, Көгершін ауылдық округіндегі 702 аулада 3682 халық тұрады. Округте 62 шаруа қожалығы тіркелген десек, оның ішінде 28 шаруа қожалық  мал шаруашылығымен, ал 34-і егін шаруашылығымен айналысуда. Үш шаруа қожалық асыл тұқымды қой өсірумен, бір шаруа қожалық асыл тұқымды жылқы өсіруді жолға қоюда.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында еңбек бағдарламасы арқылы 2021-2022 жылдары 23 ауылдық қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, өз кәсіптерін жүргізуде.

Кездесуден кейін аймақ басшысы бірқатар көгершіндіктерді жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі
14.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 164
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 160
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 274
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 487
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 446

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9144
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750