Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды

Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласында салынып жатқан 200 орындық облыстық көпсалалы онкологиялық және хирургиялық орталықтың құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда бас мердігер «Тур-Ахмет и Компания» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, технологиялық жабдықтарды іске қосу шараларын жүргізуде. Орталық КТ, магнитті-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентген аппараты, эндоскопиялық құрал, ультрадыбыстық аппарат секілді заманауи жабдықтармен қамтылуда. Орнатылған желілік үдеткіштің көмегімен онкологиялық науқастар үшін сәулелік терапияның жоғары тиімді әдістері енгізілетін болады. Сондай-ақ, кеуде және жалпы хирургия, радиология, сәулелік гимнастика, гематология, гинекология, химиотерапия, реанимация және тағы да басқа бөлімдері бар.

Облыс әкімі емдеу кабинеттерін аралап, медициналық құрал-жабдықтарды көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.

- Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізу бойынша міндеттер қойып отыр. Осы орайда онкология және хирургия орталығының құрылысы –   өте маңызды жоба.

Мердігерлерге мұндай ірі нысанның құрылысын кешіктірмеу, уақытылы аяқтау тапсырылған болатын. Дегенмен, жұмыс кестесі бұзылып отыр.

Мердігерлердің бірі МРТ аппаратын іске қосуды кейінге қалдырған. Соңғы мерзім – 2 мамырға дейін уақыт беріліп отыр. Егер компаниялар өз міндеттемелерін орындамаса, келісімшарттарды бұзу керек, - деді Нұржан Нұржігітов.

Аймақ басшысы аурухана базасында мердігер ұйым өкілдерімен кеңес өткізді. Нұржан Нұржігітов мердігерлерді құрылыс жұмыстарының мерзімін сақтамағанын сынға алып, бұзушылықтарды жою және медициналық құрал-жабдықтарды орнатуға қатысты мәселелерді жедел шешуге қатысты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785