Нұржан Нұржігітов су шайған «Күрті-Бұрылбайтал» айналма жол бөліктерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Нұржан Нұржігітов су шайған «Күрті-Бұрылбайтал» айналма жол бөліктерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданы аумағындағы еріген қар суын бұру жұмыстарымен танысты. Бұған дейін қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған «Күрті-Бұрылбайтал» тасжолының айналма жол учаскелерін еріген қар суы басты. Ауа-температурасының күрт көтерілуіне және тау бөктеріндегі жерлерде қардың қарқынды еруіне байланысты пайда болған судың тасуы аталған жолдың үш бөлігінде тіркелді. Қазіргі таңда аталған аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары қызу жүруде. Бірінші учаске бойынша мердігер ұйым айналма жолдың 2156 шақырымында қосымша төрт су өткізу құбырын орнатты. Еріген қар суы орнатылған құбырлар арқылы өтуде. Сондай-ақ, ұзындығы 350 метрден асатын учаскеде үйінділерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Негізгі жұмыстар аяқталды. Екінші және үшінші учаске бойынша қазіргі уақытта еріген қар суын бұру жұмыстары басталды. Өткізгіш құбырлар орнату, шайылған жерлерді қалпына келтіру шаралары атқарылуда. Барлығы 23 арнайы техника мен 42 жеке құрам жұмылдырылған. Облыс әкімі жауаптыларға қалпына келтіру шараларын тезірек аяқтау үшін техника мен жұмысшы күшін көбейтуді тапсырып, жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауда ұстауды міндеттеді. Айта кету керек, су тасу жағдайы негізгі жолда емес, айналма жолда орын алған. Күре жолдың толығымен шайылып кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Орын алған жағдайға байланысты «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Бұрылбайтал ауылынан Ақсүйек ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Қозғалыс «Алматы-Отар-Благовещенка-Шу-Хантау-Бұрылбайтал» бағыты бойынша жүзеге асуда.

Жамбыл облысының әкімдігі
24.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9220
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824