Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Тараз қаласы, Байзақ, Талас аудандарынан жазылған тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді. Айталық, таластық көпбалалы ана жеке тұрғын үй құрылысы үшін Тараз қаласынан жер беруді сұраса, байзақтық азамат дүкен салу үшін орын керектігін жеткізді.

Ал, тараздық Сәкен Садықов өзінің қолөнер бұйымдарын және сүт өнімдерін сатумен айналысуға ниетті. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға оның ұсынысын жан-жақты зерделеп, мүмкіндігінше қолдау шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, жаттықтырушы Гузалия Гафурова спорт саласына қатысты жобаларын ұсынды.

Облыс әкімі барлық өтініштерді мұқият тыңдап, мәселелер заң аясында шешілетінін атап өтіп, жауаптыларға мүмкіндіктерді қарастыру бойынша міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
09.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 256
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 389
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 386
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 616
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 559

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9261
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8657
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11884
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9655
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10866