Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылының тұрғыны ауыл халқының басты мәселесіне айналған көше жарығы мен қоғамдық көлік мәселесін көтерді.

Тағы бір Жамбыл ауданының тұрғыны Оңласын Әубәкіров ауыл шаруашылығын дамыту бойынша өз жобасымен бөлісіп, кәсібіне ықпал етуін сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек, баспана алу, қайтарымсыз гранқа қатысу сынды мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1606
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7641
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11520
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7683
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7840