Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «WANLIN GROUP» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге аталған компанияның президенті Ли Янтау мен директорлар кеңесінің мүшесі Ли Хиннан қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен айдағы ҚХР-ға сапары нәтижелі болғанын, бірқатар келісімдерге қол жеткенін атап өтіп, облыстың кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша назар аударылғанын баса айтты.

Бүгінгі таңда қытайлық инвесторлардың қатысуымен өңірде жаңбырлатып, тамшылатып суару, жылыжай қондырғыларын шығару бойынша жобаларды жүзеге асыру көзделіп отырғандығын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде Ли Янтау мырза пиязды қайта өңдеу бойынша жобасымен таныстырды.

Компания сусыздандырылған ақ пиязды өндіру жөніндегі жобаны дамыту, егу, терең өңдеу, экспорттауға қатысты шараларды жүзеге асыруға ниетті. Ол бойынша қажеттілікке сәйкес тиісті нысан табылса, қондырғыларын әкеп орнатып, жұмысты бастауға дайын. Жергілікті шаруалардың еккен пиязын алу, өздері де өсіруді көздеп отыр. Ағымдағы жылы облысымыздың Жамбыл, Қордай және Шу аудандарында ақ пиязды тәжірибелік негізде отырғызып та көрген.

Ли Янтау егер кәсіпорын іске қосылса, алдағы он жылда әлемнің осы бағыттағы үздік жобасына айналуды көздеп отырғандарын жеткізді. Өнімді АҚШ, Еуропаға экспорттамақ.

Облыс әкімі аймақта пияз өсіру ісі айтарлықтай жолға қойылғандығын, республикадағы пияздың 80 пайызы Жамбыл облысында өсетініне назар аудартты. Экспорттауға қатысты бірқатар мәселелер шешілсе, бұл көрсеткішті еселей түсуге барлық мүмкіндіктер бар.

Ербол Қарашөкеев жергілікті билік жобаны қолдауға дайын екендігін айтып, нысанды анықтау бойынша бірлесіп шаралар жүргізуге қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 31
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 31
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1739

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3833
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3992
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3926
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3998