Облыс әкімі «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты

Облыс әкімі «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты

 «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу  аясында Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев оқу-жаттығу жиынының өту барысын бақылады. 

Аймақ басшысы облыстың азаматтық қорғаныс қызметі,  техникалар мен құрал-жабдықтардың кез келген уақытта төтенше жағдайға дайын болу қажеттігін баса айтып, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық тиісті органдардың жауапты екенін атап өтті.

Бұл күні алдын ала әзірленген сценарий бойынша жер сілкінісінің қатері мен туындау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, мемлекеттік құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының топтарын нақтылау бойынша жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығудың бағдарламасына сәйкес, минералды тыңайтқыштар зауытындағы кәсіпорын ішілік теміржол жолдарында күшті жер сілкінісі салдарынан аммиак пен дизель отынының цистерналары құлап, қауіпті және радиоактивті заттар төгіледі. Бұдан бөлек, аммиак бұлты зауыт жұмысшыларына қатер төндіріп, жанармай бекетінің жарылу қаупі туындайды. Зардап шеккендер бар.

Құтқарушылар апатты жою барысында әуелі өрт гидрантын орнатып, аммиак бар теміржол цистернасына аралас су оқпандарын беру арқылы десанттау жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, өрттерді сөндіру және теміржол жолдарында авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, химиялық дала зертханасын  орнату және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-қимылдар пысықталды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімшелері, апаттар және жедел жәрдем медицинасы орталығының бригадалары, полиция патрульдері, Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімі мен  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 22534 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және техникалық құрылғылары жұмылдырылды.

Жалпы, оқу-жаттығуға барлығы 69 өрт сөндіруші мен құтқарушы, 17 бірлік арнайы техника қатысты.

Айта кетейік, дәл осы сипаттағы тактикалық арнайы оқу-жаттығулары өңіріміздің бірқатар аудандарында да өтеді. Оқу-жаттығуларға барлығы 783 құтқарушы мен түрлі мақсаттағы 249 бірлік техника жұмылдырылатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігі
08.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630