Аймақ басшысыБердібек Машбекұлы Жамбыл ауданына сапары кезінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынған 90 келушіге арналған ауылдық клубтың жұмысымен танысып, ауыл азаматтарымен жолықты. Құрылыс жұмыстарын "ҚазМұнайҚұрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Қазынадан 81 млн теңге қаралған. Заманауи үлгідегі клубта ән, би, көркемсөз, қолөнер шеберлері үйірмелері ашылып, 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы, ауданда 4 мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб бар. Қаракемер ауылдық клубы – оныншы болып отыр.
Өз кезегінде сөз алған облыс әкімі Б.Сапарбаев тұрғындармен жолығып, ата-баба жолындағы тәрбиенің бүгінде ұмыт болып бара жатқанын жеткізіп, арандатушылардың ісін тілге тиек етті