Облыс әкімі Қордайдағы бірқатар нысандармен танысты

Облыс әкімі Қордайдағы бірқатар нысандармен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданындағы жұмыс сапары барысында Қарасу ауылындағы мәдениет үйінің қызметімен танысты.

90 орындық нысан жақында ғана пайдалануға берілген. Заманауи жаңа ғимаратта бірқатар үйірмелер ашылып, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде.

- Біздің мақсатымыз - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жағдай жасау. Осындай ауылды жердегі мәдениет, спорт нысандарында түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, олардың сапалы әрі тұрақты жұмыс істегені маңызды, -деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң аймақ басшысы Бәйтерек ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысын көрді.

Үш негізгі блоктан тұратын нысан құрылысын мердігер «ТемирСтройСервис» ЖШС жүргізуде.

Жаңа мектеп ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Облыс әкімі жауаптыларға құрылыстың сапасын айрықша бақылауда ұстауды, мердігерге белгіленген мерзімінде аяқтау үшін жұмысшылар санын арттыруды тапсырды.

Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов жолай жергілікті шаруалардың пияз алқабымен танысты. Бүгінде пияз жинау жұмысын бастап кеткен шаруалар әр гектарынан 70 тоннаға дейін өнім алуда. Алқап басынан пияздың келісін 40 теңгеден өткеруде.

Жамбыл облысы әкімдігі
12.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 685
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 847
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 825

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19612
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19423
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34547
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33113
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36931