Облыс әкімі шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Айта кетейік, ағымдағы жыл басынан бері өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 560 кездесуі өтсе, оның 24-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Бұл жолы аймақ басшысы Мойынқұм ауданының шалғай ауылдары Ұланбел және Қарабөгет ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Ұланбелдіктермен өткен жиында облыс әкімі барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, ауылдықтардың сауалдарына жауап берді.

Аймақ басшысы облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді ауыз су және табиғи газбен қамту мәселесін шешу көзделгенін жеткізді. Сондай-ақ, биыл облыстағы 25 елді мекенге таза ауыз су тартылып жатқанын, Мойынқұм ауданына келер жылы көгілдір отын жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде екенін атап өтті.

Басқосу барысында ауылдағы ұялы байланыс пен интернеттің әлсіздігі, ірі қара мал арасында тараған аурудың алдын алуға қатысты мәселерді шешу бойынша тиісті шаралардың жүзеге асатындығы айтылды.

- Кез келген мәселе негізінен жергілікті жерде шешілуі тиіс. Ол үшін тұрғындар мен ауыл әкімі өзара түсінісіп жұмыс істеуі маңызды. Мемлекет өз міндеттемелерін орындайды. Дегенмен бұл тұрғыда тұрғындардың да ортақ жауапкершілікті сезінуі, жергілікті билікке деген сенімі аса маңызды. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі,-деді Нұржан Нұржігітов.

Дәл осындай форматтағы кездесу Қарабөгет ауылдық округінде де өтті. Мұнда ауылдықтар жол жөндеу, малдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу, ағын су және тағы да басқа мәселелерді көтерді.

Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Аталған ауылдық округ “Ауыл аманаты” жобасының келесі кезеңіне енеді деп жоспарлануда.

Кездесулерден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 160
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 198
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 160
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 525
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 476

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9180
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8579
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11807
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9576
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10786