Облыс әкімі Шу ауданындағы бірқатар нысандарды аралады

Облыс әкімі Шу ауданындағы бірқатар нысандарды аралады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапары барысында, бірқатар нысандармен танысты.

Аймақ басшысы Көкқайнар ауылының ауыз су шығару нысаны мен су құбырлары жүйелерінің құрылысымен танысты. Өткен жылы басталған жұмыстар алдағы бір-екі айда аяқталмақ.

Жалпы, аудандағы ауыз су тартылмаған 9 ауыл алдағы екі жылда толығымен тіршілік нәрімен қамтылады деп көзделуде.

Келесі кезекте облыс әкімі “Тасөткел» су қоймасының сейсмотұрақтылығын нығайту мақсатындағы қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.

Құрылысы кестеден кешігіп келе жатқан жобаның ауқымдылығы мен маңыздылығын атап өткен Нұржан Нұржігітов құрылысты осы жылдың соңына дейін, күн суытпай аяқтауды тапсырды.

Аймақ басшысы келісімшартқа отырмаған шаруалар да жолай арнайы су сорғыларын көптеп орналастырғанын, соның салдарынан судың шығыны да ұлғайып отырғанына назар аудартты. Осыған байланысты, жауаптыларға арнайы кесте бекітіп, суды үнемдеп пайдалануды тапсырды.

Атап өтерлігі, су қоймасындағы сейсмотұрақтылығын нығайту жұмыстары толық аяқталғанда аудан шаруалары ағын су тапшылығын көрмейді деген сенім мол.

Меркі-Бурылбайтал республикалық маңызы бар тас жолының Шу өзені арқылы өтетін Аңдасбай көпірі Д.Қонаев, Бірлік, Жаңақоғам, Далақайнар және Шоқпар елді мекендерін аудан орталығы Төле би ауылымен жалғап тұр.

Аталған көпір құрылысының барысымен танысқан облыс әкімі бұл жұмыстар аудан басшылығының тұрақты бақылауында болуы қажеттігін айтып, тұрғындардың өтініші бойынша көпір маңынан уақытша өткел салуды тапсырды.

Ал, дәл осы күре жолдың бойындағы Тельман каналы арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары 1 маусымда аяқталады деп күтілуде. Облыс әкімі жауаптыларға бұл жұмыстарды сапалы орындауды жүктеді.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов жақында ғана күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген Шу қалалық емханасының, қалалық және аудандық орталық аурухананың жай-күйімен танысты.

Шу қалалық ауруханасы ғимараты бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған.

Аймақ басшысы күрделі жөндеуден және кеңейтуден өткеннен кейін нысанды ауданаралық аурухана болып жасақталатынын атап өтіп, қажетті материалдық-техникалық жабдықтауға барынша көңіл бөлу, мамандарды оқыту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, ең бастысы халыққа сапалы қызмет ұсынудын маңыздылығын атап өтіп, бас дәрігерлерге нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
13.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782