Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар құрылыстарды аралап, тұрғындармен кездесті

Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар құрылыстарды аралап, тұрғындармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы «Ұлы дала» (№15) шағын ауданы және «Бурыл» тұрғын алқабындағы бірқатар нысандардағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен «Ұлы дала» шағын ауданында салынатын 1200 және 2000 орындық жайлы мектептердің жобасы мен құрылыс аумағын көрген аймақ басшысы маусым айында басталуы тиіс жұмыстардың әлі күнге қолға алынбағанын сынға алып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыс бойынша 7 мектептің құрылысы жүзеге асады.

Келесі кезекте облыс әкімі Сүлейменов көшесінің соңындағы (№16 жер телімі) 1200 орындық мектептің құрылысы мен бес қабатты 10 тұрғын үйдің, саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Саябаққа мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылып, балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары салынып, орындықтар орналастырылады.

Аталған шағын аудандағы «Отбасы» банк арқылы пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің аулаларының жағдайымен танысқан аймақ басшысы автотұрақтардың көлемін арттыру қажеттігін ескертті.

Ал, осы аудандағы № 21 жер теліміндегі 1200 орындық мектептің құрылысын мердігерге жаңа оқу жылына аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов «Бурыл» алқабының бір топ тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады.

Тұрғындар жол, абаттандыру секілді өзекті сауалдарын жолдады. Аймақ басшысы аталған мәселелер 1-2 жылда шешімін табатынын, қазіргі таңда тиісті шаралар қолға алынып жатқандығын атап өтті.

Облыс  әкімі барлық құрылыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
15.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 482
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 445

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9143
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11770
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750