Облыс әкімі Жәйрем кентінде болды

Облыс әкімі Жәйрем кентінде болды

Бейсенбі күні Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Жәйрем кентінде болды. Өңір басшысы әуелі Жәйрем кентендегі бірқатар нысандарды аралап, онда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бұдан соң Берік Әбдіғалиұлы Жәйрем кентінің жұртшылығымен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды саралап алдағы жоспарлармен бөлісті. Елді толғандырған сауалдарға жауап берді.

 

Қай өңірге барса да ең әуелі сол елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, мәселелерді пысықтап, нақтылы тапсырмалар жүктеу өңір басшысының жаңылмайтын дағдысы. Бұл жолы да Берік Әбдіғалиұлы өз жұмысын кентте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын барлаудан бастады. Аймақ басшысының атбасын тіреген алғашқы нысан – Жәйрем кентіндегі кәріз желілерін қайта құру болды.

Кентінің кәріз желілері өткен ғасырдың 70-жылдарында салынған. Осыған байланысты олардың тозуы шамамен 80 пайызды құрайды. Желілердің өзін қайта құрудан басқа, жұмыс барысында кәріз тазарту құрылыстары да жүргізілетін болады. Құрылыс кезеңі – 2022-2024 жылдарға белгіленген. Сараптамалық қорытындыға сәйкес жобаның жалпы құны – 2 031,482 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Наладочный центр Темиртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалды. Техникалық қадағалау – «Строй Потенциал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, ал вторлық қадағалау - «Jetisu Project» жауапкершілігі шектеуші серіктестігінің құзырында.

Берік Әбдіғалиұлы нысанның құрылысымен жан-жақты танысты. Жұмыс қазіргі уақытта кестеге сай жүргізілуде. Десе де, өңір басшысы мердігер компания өкілдеріне жұмысты салалы және уақытылы аяқтауды дапсырды. Ал жергілікті билікке қайта құру жұмыстары аяқталғанша нысанды бақылауда ұстауды жүктеді.

Бұдан соң облыс әкімі Жәйрем кентіндегі абаттандырылып жатқан 2 ықшам ауданының ауласында болды. Үстіміздегі жылы жәйрем кенті шын мәнінде үлкен құрылыс алаңына айналып жатыр. Көктем шығып, жер дегісімен кентте жолдары жөндеу, көгалдандыру жұмыстары қолға алынған еді. Енді міне, аулалар абаттандырылып, балалар алаңдары жабдықталып жатыр. Қаншама жылдардан бері жөндемді жөндеу көрмеген кенттегі бұл қарқынды іске кент тұрғындары дән риза. Тіпті, әлеуметтік желілерде таңданыстарын да жеткізіп, алғыстарын да білдіріп жатыр. Елді осыншалықты сүйсіндірген жұмыстарды өңір басшысы да өз көзімен көріп, жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмысымен танысты.

Сала мамандарының айтуынша ықшамаудандағы аулаларға темір қоршаулар, орындықтар, қоқыс контейнерлері орнатылып, кеспе тастар төселеді. Абаттандыру барысымен танысқан Берік Әбдіғалиұлы аулаларға жарықтандыру жұмыстарын жүргізудің де маңызды екенін жеткізді.

Аймақ басшысының кентті аралау жұмысы Жәйрем кентіндегі №30 жалпы білім беретін мектеппен түйінделді. Аталған білім ошағы 1976 жылы бой көтерген екен. Ашылған уақыттан бері жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары ғана жүргізіліп келген. Тозығы жеткен ғимарат бүгінде күрделі жөндеу жұмыстарын талап етіп тұр.

Жәйрем кентіне жұмыс сапары барысында Берік Әбдіғалиұлы кент тұрғындарымен кездесті. Алқалы жиында әуелі Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев жыл басынан бері атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдан бастап Жәйрем кентінде бюджеттің төртінші деңгейі бастау алды. Өз бюджетінің болуы кенттің дамуына ықпал ететін көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. 2018 жылы кенттің бюджет қоржынында бар жоғы 295.8 млн. теңге болса, 2023 жылға бюджет шығындары 1,5 млрд. теңгеге жетті, немесе 5 есеге өсті, ал 2022 жылмен салыстырғанда  26,4 пайызға артқан, – деген Қаражал қаласының әкімі үстіміздегі жылы кент бойынша қанша қаражат қандай шараларға жұмсалатынын шотқа қақандай етіп айтып шыққы.

Әкімнің айтуынша кентте автокөлік жолдарын жаңғырту, оларды күтіп ұстау, көшелерде заманауи үлгідегі аялдама павильондарын салу, тұрғындарды сумен жабдықтау, кәріз желілерін қайра құру және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мұның сыртында кентті абаттандыру, аулалар мен аяқжолдарды жаңарту, көгалдандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Кентте жаңадан заманауи үлгідегі балалар алаңдары мен спорт адаңдары да жабдықталуда. Саябаққар мен аллеяларға, алаңдарға гүлзарлар қойылып, жасыл желектер отырғызылып жатыр. Қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бағдаршамдар мен бейнекамералар орнату өз алдыны үлкен бір жұмыс десе болады. Бұған кент көшелерін жарықтандыруды қосыңыз.

Осылардың бәрін құлағынан тізгендей етіп баяндап шыққан Тілектес Досаев ендігі кезекте шешімін таппай тұрған мәселелерге тоқталды.

– Ондаған жылдар бойы өңірде апатты кәріз желілерін ауыстыру мәселесі өткір тұр. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету Жәйрем кентінің кәріз желілерін реконструкциялау жобасына түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. Жобалар әзірленді. Биыл Жәйрем кентінде жобаны іске асыру мақсатында Ұлтттық қордан 273,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазірде кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаржы 100 пайыз игерілді. Жобаны аяқтау үшін – 3037,3 млн. теңге қажет. Оның ішінде 2023 жылға жұмыстарды жалғастыруға керегі – 1068,4 млн. теңге, – дейді қала әкімі өз баяндамасында.

Жиында кент тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді де ортаға салды. Олар облыс әкіміне тұрғын үйге, денсаулық сақтау саласына, құрылыс жұмыстарына, Алматы-Жезқазған жүрдек пойызының өңірге тоқтауын қарастыруға қатысты мәселелерді жеткізді.

Облыс әкімі басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, алдағы үш жылда Ескі Жәйрем кентіне ФАП құрылысын жүргізілу қажетігін және өңірдің басты көшелеріне жылдамдықты өлшейтін бейнебақылау камералары орнатылу қажеттігін айтып, тапсырмалар берді.

 

Ізтай Белгібайұлы.
23.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 88
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 283
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 904

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8376
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586