Облыс әкімі «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты

Облыс әкімі «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты

Облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатында үстіміздегі жылдың 22-29 сәуір аралығында Жуалы ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен (барлығы 100 адам), тексеру жиыны өтті.

«Қуатты  Армия» - Жаңа Қазақстан. «Жуалы-2023» тактикалық оқу – жаттығуының жабылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы  Мереке Көшекбаев қатысты.

Айта кетейік, тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілер бір апта көлемінде, әскери дайындық сабақтарынан өтіп, бүгінгі күні арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Аймақ басшысы алдымен 91768 әскери бөлімінің «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында әскери қару-жарақтардың және жас сарбаздар мен әскери міндеттілердің дайындығымен танысты. Сондай-ақ, «Жуалы-2023» тексеру жиынының әскери міндеттілермен өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын көрді.

- Мемлекет аумақтық қорғаныс әскерлерінің дайындығы мен материалдық-техникалық жабдықтармен толығымен қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстауда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста да жоспарлы түрде атқарылуда. Облыстық бюджеттен аумақтық қорғаныс бригадасының материалдық-техникалық құралдарын сатып алуға және оқу-жаттығуларды өткізуге 2023 жылы 500 миллион теңге қаралды.

Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету - бүкілхалықтық іс. Ол үшін жастардың бойында өз еліне деген патриоттық сезім, Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен қарқынды дамуына деген жауапкершілікті сезіну секілді қасиеттерді қалыптастыра отырып, бұл жұмыстарды әрі-қарай жандандыруымыз қажет.

Облыстағы аумақтық қорғаныс әскерлерінің оқу жаттығу жиынына қатысып, біліктіліктеріңізді арттырып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендеріңізге алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын,-деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы  әскерінің қолбасшысы Мереке Көшекбаев та оқу-жаттығудың сәтті өткенімен құттықтады.

Сондай-ақ, тексеру жиынына атсалысқан бірқатар азаматар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Нұржан Нұржігітов полигонның байланыс торабы, жатын орны, медициналық пункті мен асханасының жай-күйімен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785