Өндіріс орнының өнімдері еуропалық электр станцияларына ең құнды биоотын ретінде экспортталатын болады
Петропавлда жоңышқа мен зығыр сабанын қайта өңдеу бойынша әлемдегі алғашқы үш мақсатты зауыттың құрылысы басталды. Құрылысқа «Amandus Kahl» атты неміс компаниясы инвестиция салады.
– Қазіргі уақытта біз Петропавлдағы әлемдегі алғашқы бірегей зауыттың құрылыс сатысында тұрмыз. Өндіріс бірден үш мақсатты болады, оның екеуі жоңышқа түйіршіктеуге, үшіншісі зығыр сабанын түйіршіктеуге арналады. Атап айтқанда, жаңа кәсіпорында сабан түйіршіктеледі, үгінділермен араласады және Еуропаның электр станцияларына экспортталады, өйткені бұл – ең құнды биоотын. Сондай-ақ, бұл нысан «Жасыл экономика» жобасы ретінде жұмыс істейтін болады», – дейді «Amandus Kahl» өкілі Нұрлан Дәулетбаев.
Зауыттың жобалық өндірістік қуаты – жылына 60 мың тонна зығыр қалдықтары. Жоңышқаның қуаты 25-30%-ға артады деп жоспарлануда, өйткені бұл дақыл жұмсақ.
Нұрлан Дәулетбаевтың айтуынша, Қазақстанда жоңышқаны өңдеу және түйіршіктеу үрдіске айналуда. Түйіршіктеу әдісімен қазірдің өзінде бірқатар компаниялар айналысады.
– Бұл бағыттың экспорттық әлеуеті өте жоғары. Қазіргі уақытта бірыңғай бидаймен айналысумен салыстырғанда өте маржалық өнім. Бұл бағытта Ақтөбе облысындағы компаниялардың бірі табысты жұмыс істеуде. Жоба 8 айда өз жемісін берді. Сондай-ақ, Алматы облысында клиенттердің үлкен пулы бар. Компаниялардың бірі соя өңдеумен айналысады. Өндіріс өте үнемді», – дейді агенттік өкілі Дәулетбаев.
«Amandus Kahl» – Германиядан келген компания. Негізгі орналасқан жері – Гамбург. Өндіріс орнының жұмыс істей бастағанына 147 жыл болды. Өңдеу, түйіршіктеу саласында өте үлкен тәжірибесі бар. Холдингті 7 еншілес компания ұсынады, олардың әрқайсысының өз бағыты бар.