Олимпиада шежіресі

Олимпиада шежіресі

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері ғана жеке мемлекет ретінде қатысып келеді. Оған дейін біз КСРО құрамында өнер көрсеткен болатынбыз. 1994 жылғы XVІІ Қысқы Олимпиада ойындары Норвегияның Лиллехамер қаласында өтті. Оған әлемнің 69 елінен 1700-ден астам спортшы келді. Олардың қатарында Қазақстанның ұлттық құрамасы да болды. Алғаш тәуелсіз ел ретінде барған Ақ Олимпиада ойындарынан қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Осылайша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 12 орынға орналасты. 1994 жылғы Олимпиададан соң қазақ спортшылары Қысқы Олимпиада ойындарынан бірде-бір алтын жүлде ала алмай келеді. Лиллехаммер Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын  – Ресей: 11 алтын, 8 күміс, 4 қола; 2-і орын  – Норвегия: 10 алтын, 11 күміс, 15 қола; 3-і  орын  –Германия: 9 алтын, 7 күміс, 8 қола. 

1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды. Оған әлемнің 72 елінен 2302 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасынан шаңғышы Владимир Смирнов пен конькимен жүгіруші Людмила Прокашева қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Беларусь Республикасымен 20-21 орындарды бөлісті. Нагано Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын  – Германия: 12 алтын, 9 күміс, 8 қола; 2-і орын – Норвегия 10 алтын, 10 күміс, 5 қола; 3-і орын – Ресей: 9 алтын, 6 күміс, 3 қола.

2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында XІХ қысқы Олимпиада ойындары өтті. Бұл додаға әлемнің 77 елінен 2390 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшыларына Олимпиада ойындарының жүлдесі бұйырмады. Солт-Лейк-Сити Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын  – Норвегия: 13 алтын, 5 күміс, 7 қола; 2-і орын  – Германия: 12 алтын, 16 күміс, 8 қола; 3-і орын – АҚШ: 10 алтын, 13 күміс, 11 қола.         

2006 жылы XХ қысқы Олимпиада ойындары Италияның Турин қаласында өтті. Бұл төрт жылдық додаға әлемнің 80 елінен келген 2508 спортшы қатысты. Бұл жолы да қазақстандық спортшылар қоржынға жүлде сала алмады. Турин Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын  – Германия: 11 алтын, 12 күміс, 6 қола; 2-і орын  – АҚШ: 9 алтын, 9 күміс, 7 қола; 3-і орын – Австрия: 9 алтын, 7 күміс, 7 қола.

2010 жылы ХХІ Қысқы Олимпиада ойындарын Канаданың Ванкувер қаласы өткізді. Оған әлемнің 82 елінен 2766 спортшы медальға таласты. Бұл Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева жекелей сында күміс медальға қол жеткізді. Осы бір медальмен жалпыкомандалық есепте Қазақстан мен Эстония елдері 25-26 орынды өзара бөлісті. Ванкувер Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын – Канада: 14 алтын, 7 күміс, 5 қола; 2-і орын  – Германия: 10 алтын, 13 күміс, 7 қола; 3-і орын  – АҚШ: 9 алтын, 15 күміс, 13 қола.

Ресей 2014 жылы Сочиде ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды. Оған әлемнің 90 елінен 2800 спортшы қатысты. Қазақстан Сочи Олимпиадасында бір қола медальға ие болды. Оны мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қоржынға салды. Осылайша 2014 жылы Қазақстан жалпыкомандалық есепте 26-ы орынды иеленді. Сочи Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын – Ресей*: 11 алтын, 10 күміс, 9 қола; 2-і орын – Норвегия: 11 алтын, 5 күміс, 10 қола; 3-і орын – Канада: 10 алтын, 10 күміс, 5 қола. *Допинг ісіне байланысты Ресей құрамасы 2 алтын, 1 күміс медальдан айырылды. 

2018 жылы XXIII Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтті. Бұл Олимпиада ойындарында әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңға жуық спортшы сынға түсті. Аталған Олимпиадада қазақстандық Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен бір қола медальға қол жеткізді. Осы бір жүлдемен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 28-і орынға ие болды. Пхенчхан Олимпиадасының үздік үштігі: 1-і орын – Норвегия: 14 алтын, 14 күміс, 11 қола; 2-і орын  – Германия: 14 алтын, 10 күміс, 7 қола; 3-і орын – Канада: 11 алтын, 8 күміс, 10 қола.

2022 жылдың 20-ы ақпанында қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде Бейжіңде Ақ Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Ойындарда Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады. Олар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ. Бейжің Олимпиадасының үздік үштігі: 1. Норвегия – 16 алтын, 8 күміс, 13 қола; 2. Германия – 12 алтын, 10 күміс, 5 қол;а 3. Қытай – 9 алтын, 4 күміс, 2 қола. 

Бейжіңде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 91 елінен келген 4 мыңға жуық спортшы қатысты. Онда дүбірлі додада спорттың 7 түрінен 15 спорт түрі бойынша  109 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Алайда, Олимпиада ойындарындағы жеңіс тұғырына көтерілу бақыты тек 29 елдің спортшыларына ғана бұйырды. Қалған 62 елдің спортшылары тек жарыс майдандарында сынға түсіп, қоржындарын бос көтеріп қайтты. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғады. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсті. Өкінішке қарай жүлделі орындарға ешкім шыға алмады. 

 

Ермек САХАРИЕВ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 202
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 198
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 703
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 826
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 740

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8897
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8291
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11519
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9275
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10503