Өмірі өзгелерге өнеге жан

Өмірі өзгелерге өнеге жан

«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының, «ЕлАна» қоғамдық сайтының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы  60 жасында журналистикаға, «Qazaqstan Zaman» газетіне келеді.  Апамыз қазір қоғамдағы әділетсіздіктерге күйініп, қазаға ұшыраған жандардың жақындарымен бірге қара жамылып, қалың елі қазағының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүр.

Жылағанның көз жасын сүрту үшін, елдің мүддесін арқалап жүру үшін жүрек керек. Міне, осындай кең жүрегін сезіп, құрметтеп Кемертоған орта мектебі  кездесуге шақырған болатын. Сәуле Мешітбайқызы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қонақтардың жылы лебізі мен елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Сондай-ақ қонақта халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы мен республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы және республикалық ата-аналар  одағының өкілі Бағила Балтабаева болды. 

 Мектеп директоры Раушан Мауленқызы жылы лебізін білдіріп: 

– Мен Сәуле апаммен танысқаннан бері ара-қатынасымызды үзгім келмеді. Адамгершілігі мен болмысына қарап, «маған өкіл ана болыңыз» дедім. Содан бастап біздің арамыздағы жылы байланыс үзілмеді. Бұл кісінің өмір жолы, еңбегі балаларыма үлгі болсын  деп шақырып отырмын, – деді.

Кеш барысында Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі  аналар кеңесінің төрайымы Раиса Сырғабекова:

 – Сәуле Мешітбайқызы, Қарасай ауданы Кемертоған орта мектебіне аяқ басып, мектеп ұжымымен кездесуге келгеніңізге үлкен рахмет! Сіздің ұстаздық жолыңызды әрі ана жүрегіңізді сезіп, Раушан Мауленова шақырып отыр. Балақандардың көкейіндегі сұрағына жауап беріп, батаңызды беріп жатырсыз. Оныңызға біз дән ризамыз. Карантин басталып, оқушылардың қолынан телефон түспейтін болды. Оқушылардың кітаптан, газет-журналдан қол үзіп, руханияттан кенде болып бара жатқаны осыдан ба деп қаламын. Адамның байлығы дүниемен, ақшамен өлшенбейді ғой. Адамның байлығы – жан дүниенің бай болғанында. Жаны бай, ой-өрісі кең адамды сұлу дейміз. Бүгін сіз сияқты адаммен өткен кездесу балаларымызға үлкен әсер қалдырып отыр. Еліңізге елеулі, халқыңызға қалаулысыз.  Осы кешке арнайы келгеніңізге, жалғыз келмей, «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымын ала келгеніңізге рахмет!  – деді жүрекжарды тілегін жеткізіп. 

Жуырда ғана мерейлі 75 жасқа толып, халқының құрметіне бөленген Сәуле Мешітбайқызы болса, жеткіншектер мен ұстаздарға өзінің өнегелі өмір жолынан қызықты да тәрбиелі әңгімелер айтып берді.

Дидар ҚАЙРАТ
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14059
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14012
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29152
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27793
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31315