ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАДЫ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ  ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАДЫ

 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өңір тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Ол  «Ақжайық»  музыкалық мектебінің ғимаратында Түркістан қаласы тұрғындарымен жүздесіп, өзекті мәселелерін, ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, шаһарды дамыту, туристік әлеуетін арттыру жөнінде өтініштері мен пікірлерін айтты. 

 


«Бірлік»  шағынауданының тұрғыны ауыз су мәселесін қозғады. Өңір басшысы Түркістанда ауыз су қоры толық еткілікті екенін, су көздерін тарту жұмысы жүргізілгенін мәлімдеді. Кейбір көшелерге су кезең-кезеңімен жеткізілетініне тоқталды. Ал Алпамыс батыр, Саумалкөл және Сарыарқа көшелерінің тұрғындары атынан келген азамат осы көшелерді кәріз жүйесімен толық қамту мәселесін көтерді. Тұрғынға Түркістан қаласының инфрақұрылымын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, ол көшелердегі түйткіл де тарқатылатыны түсіндірілді. «Отырар» шағынауданын абаттандыру жөнінде ұсыныс айтқан тұрғынға да тиісті жауап берілді. Облыс әкімі 4 жылда Түркістанның инфрақұрылымы жақсарып, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші еселеп артқанын баяндады. 

 

– Өздеріңіз көріп жүргендей, қала мүлдем өзгерді. Жаңарды. Көшелері реттелді. Біз тек қаланың жаңа аумағы емес, ескі бөлігін де абаттандыру, инфрақұрылымын жақсартуды назарда ұстап отырмыз. Түркістан қаласы аумағының 98,5%-ы электр қуатымен қамтамасыз етілген, оның 84%-ы сапалы электр қуатымен. Биыл 3 нысанның құрылысын аяқтап, сапалы электр қуатымен қамту көрсеткішін 99%-ға жеткізу көзделіп отыр. Қала толық газдандырылып, экологиясы анағұрлым жақсарды. Биыл 127,3 шақырым топырақ көшелерге шағал тас төселеді және 46,4 шақырым құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, яғни асфальт төселеді. Мен қаланың экологиясын жақсарту, көгалдандыру ісіне баса мән беремін. Асфальт төселеді, ал асфальт жетпей жатқан жерлерге қазірше шағал тас төселеді. Шаңы бұрқыраған көшелер болмайды. Осы бағытта жүйелі жұмыс жалғасады, – деді Өмірзақ Шөкеев. 

 

Ашық жүздесу барысында Әмір-Темір атындағы мектептің қазіргі жай-күйі, индустриалды аймақты дамыту, қоқыс полигонын салу, балаларды үйірмемен қамту, денсаулық сақтау нысандары санын арттыру, Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін пайдалануға беру және туристік саланы жандандыру жөнінде сұрақтар мен ұсыныстар берілді. Облыс әкімі Б.Саттарханов атындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатқанын, ел игілігіне берілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Әмір-Темір мектебінің жанынан қосымша ғимарат құрылысы жүргізілетінін жеткізді. 570 орындық, халықаралық талапқа сай аурухананың құрылысын жандандыру да назарда тұрғанын атап өтті. Индустриалды аймақта бірқатар жоба жүзеге асқанын, дегенмен пандемия мен әлемдегі саяси жағдайлар салдарынан инвестор тарту жағы қиынға соғып тұрғанын, алдағы уақытта Түркістан маңайында өндіріс орындары көбейетінін атап өтті. 

 

– Сіздер маңызды мәселе көтеріп отырсыздар. Сұрақтарыңыз орынды. Біз әрбір өтініш пен сұрақты жауапсыз қалдырмаймыз. Тиісті жұмыс жүреді. Түркістанның туристік әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ғажайып кесене – туризмнің басты идеологиялық діңгегі. Этнотуризм, гастротуризм, экотуризмді дамытуымыз керек. Тұрғындар туристік сервисті дамытып, келушілерге қызмет көрсету арқылы табысын арттыра алады. Оған толық мүмкіндік бар. 2021 жылы өңірге туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 102 млрд. теңгені құрады, республика бойынша 1-ші орынға шықты. Бір жылдың өзінде көптеген қонақ үйлер мен демалыс орындары ашылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласына бір күндік келушілер саны 1417372 адамды құрады. Биыл ішкі туристердің санын 261 000 адамға, шетелдік туристердің санын 7290 адамға, Түркістан қаласына бір күндік келушілер санын 1,6 млн. адамға, туризм саласы бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін 3,5 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспалап отырмыз, – деді Өмірзақ Естайұлы. 

 

Осы күні Өмірзақ Шөкеев қала тұрғындарын жеке өтініштері бойынша да арнайы қабылдады. Қабылдауға 20-дан астам тұрғын жазылып, олардың өтініштері тыңдалды. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесі бойынша келген. Оларға тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Аса мұқтаж, жағдайы қиын тұрғындардың проблемасын демеушілер арқылы жедел шешу тапсырылды. Сондай-ақ қоғамдық көлік, инфрақұрылым, жастарға қолдау түйткілдерін қозғап, демеушілік көмек сұрағандар болды. Облыс әкімі орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына және қала әкіміне әрбір өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 257
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 260
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 471
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 432

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8529
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11757
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9525
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10737