ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

🔰Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық жасау басты назарға алынған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту жолға қойылған.
Бүгін 30 тамыз Қонституция күні қарсаңында аудан орталығы Жаңатас қаласынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.
🔰Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейрманов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі.
— Бүгін Конституция күні қарсаңында ауданымызда игі бастама қолға алынып жатыр. Бұл орталық бүлдіршіндеріміздің өмір сүру сапасын жақсарту үшін қызмет ететін ерекше үлгідегі орталық болмақ. Келешек ұрпақтың ойы озық, білімі терең, тәлім-тәрбиесі жоғары болуы үшін мемлекетіміз ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі нысанның ашылуы соның айқын бір дәлелі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың осында емделуі оларға пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Әр жыл сайын балаларға деген қолдауымызды арттыра береміз,—деген аудан басшысы осы нысанды ауданда ашуға мүмкіндік жасаған облыс басшылығына, ат салысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.
🔰Бұдан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейрманов сөз сөйлеп, бұл ашылып отырған орталықтың мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мен бейімдеудегі маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, нысанды ашуға ат салысқандардың атынан жеке кәсіпкер Мұрат Төлепбеков сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
🔰Жаңадан ашылған оңалту және бейімдеу орталығының лентасын Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейрманов және аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков салтанатты жағдайда қиды.
Айта кету керек, жаңадан ашылған орталықта 2 балалар дәрігері, дефектолог, логопед, музыкант, психолог мамандары балаларға сапалы қызмет көрсетеді. Орталық заманауи, медициналық оңалту жабдықтарымен қамтылған. Бүгінде, 25 орындық орталыққа 23 бала тіркеліп, емдеу курстарын бастап кетті.
🔰Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
30.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 168
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 280
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 497
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 455

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9153
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8552
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11779
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9547
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10759