Өнер-білімнің шамын жаққандар

Өнер-білімнің шамын жаққандар

Өнерімен өрге жүзіп, білімімен дара шыққандар ғылымға да үлес қосуда. Оқу жылының соңында қарай мұндай іс-шаралар қызу додаға айналып отыр. 15  сәуір күні Нұр-Сұлтан төрінде жас ғалымдар марапатталды. «Ұлағатты ұстаз-дарынды шәкірт»  республикалық ғылыми жобалар  байқауы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтті. Аталмыш ғылыми байқау «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен жүзеге асырылған еді. Байқауға түрлі бағыттар бойынша 600-ден астам ғылыми жұмыс ұсынылған.  Солардың ішінен ең үздік деп танылған  алпысқа тарта жоба иелері марапатталды. Атап айтқанда,  Алматы қаласы №156 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ерасыл Қораласбаевтың ұстазы Дана Джаппарованың  жетекшілігімен жазған «Нанотехнология-біздің болашағымыз» тақырыбындағы ғылыми жұмысы бас жүлде биігінен көрінді. Ал, қазақ әдебиеті бағыты бойынша  Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы  Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Мұхамедрахымова Диана ұстазы Рахима Бигалиеваның жетекшілік етуімен жазған «Көпен Ерқасовтың  «Ақнайман қырылған» поэмасындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім» тақырыбындағы ғылыми жобасы бас жүлде дәрежесіне лайық деп танылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы №156 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Алина Бекболатова  ұстазы Айзат Рақыштың жетекшілік етуімен жазған  ғылыми жобасы 2-орынды қанжығалады. Дәл осы әдебиет бағыты бойынша аталмыш  мектептің 10-сынып оқушысы  Нурмухаметова Радмила ұстазы Арай Шомаханның жетелеуімен жазған  ғылыми жобасы 3-орын деңгейінде көрінді. Жеңімпаз шәкірттердің ғылыми жетекшілері-ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.Осылайша Алматы қаласы №156 жалпы біліим беретін мектептің абыройы Елорда көгінде бірнеше рет аталды. Бұл мектеп өнер, білім, ғылым, спорттық байқаулардан қара үзуден бір танған емес. Аталған мектептің оқушылары аудандық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауында бірнеше номинация бойынша топ жарып, Аружан Кішібай ғылыми жобасымен бас жүлде  деңгейінде танылса, Аида Мансурова зерттеушілік дарынымен 2-орынды бөктерді, Альбина Аширбай эссе жазудан 3-орынды иеленді. Бұл оқушылардың ұстазы Гүлжамал Сайлау шәкірттерін жан-жақты дамытып жүргенін және бір паш етті.

Осылайша аудандық деңгейдегі байқаулар оқушыларды барынша ынталандырды. Ал республикалық ғылыми жобалар байқауы жас ғалымдардың ғылым әлеміне қанат қағуына тың серпін берді.

 

 

Айнур ТУЛЬБАЕВА, Алматы қаласы
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 139
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731