Өңірді газдандыру – зор міндет

Өңірді газдандыру – зор міндет

Еліміз газ қоры бойынша әлемде – 22, ТМД-да 3-орында тұр. Ішкі нарықта газды пайдаланудың күрт артуына байланысты соңғы бес жылда тұтыну көлемі 35 пайызға көбейген. Болжамға сәйкес, мұндай қарқын осы жылы да сақталмақ. Алайда қолданыстағы кен орындарынан газ өндіру көлемінің ұлғаюына үміт артуға болмайтын сияқты. Қазақстанда өндірілетін ілеспе мұнай газының 80 пайыздан астамы Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз жобаларына тиесілі. Сенаттың Үкімет сағатында елді мекендерді газдандыру, табиғаттың байлығын тиімді жұмсау мәселелері жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сенаттың Үкімет сағатында облыс әкімі Құмар Ақсақалов та сөз сөйледі. Құмар Іргебайұлы өңірде 640 елді мекен орналасқанын, ондағы негізгі жылу көзі – көмір мен отын екенін, оның жыл сайынғы тұтыну көлемі 619 мың тоннаны құрайтынын жеткізді.

«Бір жекеменшік үйге көмір мен отынға жұмсалатын шығын үшін орташа есеппен айына 25 мың теңге қажет. Сонда жылыту маусымына барлығы 189 мың теңге жұмсалады. Салыстыру үшін айтайын. Қарағанды облысында бір жекеменшік үйді газбен қамтуға айына 14 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 13 мың теңге кетеді», – деді                      Құмар Іргебайұлы.

Өңір басшысы баламалы қуат көзін пайдалану жобаларын іске асыру тәжірибелерімен бөлісті. Қазір облыста биомасса жағатын 125 қазандық жұмыс істейді, оған 82 бюджеттік мекеме көшірілген. Нәтижесінде 26 мың тонна көмір немесе 286 млн теңге үнемделді. Облыс әкімі табиғи газ болмағаннан кейін инвесторлар тартуда елеулі қиындықтар бар екенін жасырмады.

Облысымызға газ тартудың әртүрлі нұсқалары қаралып келеді. Оның ішінде Ресей Федерациясы арқылы газ тарту бойынша Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз» және «Газпром» 2019 жылы бірнеше кеңес өткізсе де, мәселе әлі күнге дейін нақты шешімін тапқан жоқ. Облысты «Сарыарқа» газ құбырына қосу – ең қолайлы нұсқалардың бірі. Өйткені табиғи газбен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті параметрлер магистральдық газ құбыры жобасына енгізілген.

Құмар Ақсақалов «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен бірлесіп, жұмыстардың қолға алынғанына тоқталды. Атап айтқанда, жоспарланған тұтынушылардың болжамды және үйлер санын, елді мекендер бөлінісінде сұйытылған мұнай газының қажеттілігін, ол үшін газдандырудың басымдылығын жылдар бойынша бөле отырып, айқындауды қажет етеді. Бүгінде жұмыс істеп жатқан инвесторлар, энергияны көп қажет ететін кәсіпкерлер мүмкіндіктерін де ескеру керек.

Биыл №2 Петропавл жылу электр орталығында апат орын алып, жекеменшік иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы жылыту маусымына дейін барлық дайындық шараларын толық аяқтау міндеті тұр. 2026 жылға қарай қалада жылу тапшылығы байқалады деген болжам бар. Сондықтан өңірді газдандыру жылу-электр орталығына түсетін салмақты едәуір кемітеді. Жеке тұрғын үйлер мен орталық қазандықтарды газға ауыстыру кезінде ластаушы заттардың шығарындылары азаяды, тұрмыстық жағдайлар жақсарады, халықтың қоныс аударуы мен кетуі бойынша мәселелер шешіледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 405
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9064
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8461
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11688
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9450
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10668