Үшінші мегаполистің онколог-дәрігерлері Грозный қаласында өткен онкология саласындағы Дүниежүзілік көшбасшылардың форумында өз тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық жиын – медицинадағы аз инвазивті тәсілдерді қолдана отырып, оны емдеу әдістерін кеңінен енгізу үшін ұйымдастырылған.
Дүниежүзілік форумға қатысқан шымкенттік онклогтар емдеу әдістері жөнінде шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Қаладағы онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Дауранбек Арыбжанов форумда ми ісіктері кезіндегі эндоваскулярлық араласу бағытында бағдарламалық баяндама жасады. Сондай-ақ жиынға қатысқан жергілікті медицина мамандары эндоваскулярлық операциялар жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
Халықаралық форум аясында жас медицина ғалымдардың байқауы ұйымдастырылып, сайыс нәтижесі бойынша қазақстандық жас онкологтар Мадияр Өмірбаев пен Сардар Алметовтың баяндамалары үздік деп танылды.
Форумда эмболизация әдістері бойынша түрлі тақырыпта шеберлік сабақтары да өтті.