💻ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ 93% ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛДІ

💻ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ 93% ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛДІ
📊Бүгінде оқу пәндерінің цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 80 пайыздан 93 пайызға дейін өсті. Бұл алдын ала көрсеткіш, яғни желтоқсан айында сараптаманың соңғы кезеңі - пәндік сараптамалық комиссия өтеді. Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты көрсеткіш жарияланатынын атап өткен жөн.
❕Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада әзірленуде.
📚Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтер қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып, сабақтарын өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарын қолдану арқылы білімдерін жетілдіреді.
✏️Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1000 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 976 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталған.
📍Айта кетейік, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толығымен сатып алынды.
QR Oqu-ağartu ministrlıgı
22.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14400
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14324
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29467
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28099
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31633