Оқушылар білімі жаңа әдіспен бағаланады

Оқушылар білімі жаңа әдіспен бағаланады

Zakon.kz: «18-і сәуірде Қазақстандағы 1 447 мектеп (барлық мектептердің 25%) оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауды бастады (МОД). Оған 4 және 9-сыныптардың 112 мыңнан астам оқушысы қатысады»,  – деп хабарлайды. Мониторингтің 29-ы сәуірге дейін жалғасатынын нақтылаған Білім министрінің бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова: «Мектептерді іріктеу кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізілді. Бұл мектеп оқушыларының білім сапасына қатысты қазақстандық ішкі зерттеу. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі биыл мектептерде алғаш рет өткізіліп отыр. Айта кету керек, әр мектеп базасында математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары балалардың қиындықтарын, бастан өткерген жекелеген тақырыптар мен материалдарды талдай отырып, мазмұнды талқылаулар өткізеді. Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингінің түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр аймақ пен белгілі бір мектеп жағдайында кешенді талдау мен әдістемелік ұсыныстар әзірлеу», – деп мәлімдеді. 

 

Ермек САХАРИЕВ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 331
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 476
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 177

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31838
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553