Оралда әскерилер арасында волейбол жарысы өтті

Оралда әскерилер арасында волейбол жарысы өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде өткен спорттық іс-шараны аталмыш әскери бөлім мен Орал қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Волейболдан бөлім командирінің кубогі сарапқа салынған жарысқа сегіз команда  қатысты. Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған 5517 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сағындық Алкайдаров әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін жеткізді.

Жарыс нәтижесінде 5517 әскери бөлімінің басқарма офицерлері жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командасы иеленсе, 3- орынға жедел мақсаттағы батальонның спортшылары ие болды. Сондай-ақ қатысушылар арасында аға лейтенант Сұлтанбек Камалов – «Үздік шабуылшы», қатардағы жауынгер Абос Абдусаматов – «Үздік тосқауылшы», қатардағы жауынгер Марат Ғазизов «Үздік байланыстырушы» аталымдарымен марапатталды. Жеңімпаз командалар  кубокпен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және  естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
09.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568