Оралдық оқырман отбасылар

Оралдық оқырман   отбасылар

Оралда «Балалар жылы» аясында «Халықаралық отбасы  күніне» орай «Бір отбасы – бір кітап» отбасылық байқауының қалалық кезеңі өтті. Бұл байқауда оқырман отбасы – Сәпиевтер жеңіске жетті. 

Мектеп кітапханаларының оқырман отбасылары арасындағы байқаудың мақсаты – балалар әдебиетінің шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.  Байқауға қауымдастықтар бойынша таңдалған отбасылар қатысты. Қатысушылар «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы», «Түймедақ», «Білім көзі – кітапта» бөлімдері бойынша өзара сынға түсті. Бұл бөлімдерде отбасылар өздерінің кітап көрмесін таныстырып,  әдеби сұрақтарға жауап беріп, білімнің кілті саналатын қымбат қазына – кітаппен қаншалықты дос екендіктерін байқатты. 

Оқырман отбасылар өз туындыларында білім алуға, өнер үйренуге шақырған Ы.Алтынсарин шығармаларын, Абай Құнанбайұлының даналыққа толы қара сөздерін оқуды ұсынды. Үлкен-кіші қызыға оқитын Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсонның хикаялары, қиындықтан шығуға көмектесетін әлемдік деңгейдегі жазушылардың мотивациялық кітаптары да назардан тыс қалмады. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша №19 ЖОББ мектебі кітапханасының оқырманы – Сапиевтер отбасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал №50 ЖОББ мектебі кітапханасының оқырманы – Досқазиевтер екінші орынды иеленсе, №47  ЖОББ мектебі кітапханасының оқырманы Мақсұт жанұясы үшінші орынға ие болды. №32 ЖОББ мектебі кітапханасының оқырманы – Красиковтар «Алғыс хатпен» марапатталды.  Жеңімпаз Сәпиевтер отбасы  облыстық кезеңде Орал қаласының намысын қорғайды. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5669
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5813
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20790
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19415
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22880