Тоқсан тоғызыншы жылы көршім келін түсірді. Менің қызыма аяғым ауыр болатын. Басымнан орамал түспейді. Құрдастардың әйелдері кексе қатындарға ұқсамай шешші басыңдағыны дейтін.
Мен болсам үлкен енемнің мен келін боп түскенде басыма орамал тартып жатып :
- Осы орамал серігің болсын Сәниям (атымды өзіне ыңғайлы қылып өзгертіп алған)
Төркініңді сағынып жылағанда көзіңнің жасын сүртер туысың болсын. Жын шайтаннан қорғар періштең болсын. Басыңа қонған бағың мен бақытыңның куәсі болсын. Келешек ұрпағыңды тәрбиелеуге көмектесер ибаң мен ізетің болсын деп еді. Сол себепті орамалымды тастамайтынмын.
Сонымен не керек. Көршінің келінінің бір қолтығынан демеу құқығы маған бұйырды.
Ия....бәрі жақсы болды.
Той өтті.Бет ашар өтті.
Өзіде орамал тарта бермейтін толық денелі көрші апайым елдің көзінше келініне: "Орамал тарт деп айтпаймын. Өзің білесің. Сен менің қызымсың. Өз үйіңдей көріп, емін - еркін жүре бер"-деді.
Ененің сөзін екі етпейтін келін екен. Енесі екеуіде орамалсыз жүретін. Сол жылы күзде мен дүниеге қызымды әкелдім. Арада төрт ай өткенде жаңағы толық көрші апайымда қыз туып алды. Мен Айдана деп қойдым. Көршім Гүлдана деп қойды.
Содан арада алты ай өткенде жаңағы келінде босанып алды. Менің қызым тып- тыныш.Жыламайдыда. Екі жарым жастағы ұлыма бағынады. Күлдірсе күледі. Ойнатса ойнайды. Менің тамақтандырғаным болмаса қалғанын ұлымның мойнында.
Ал көршіге келер болсақ жаңағы алты айлық қызда, жаңадан туған ұлда зар жақ болды. Жылайды да жатады.Үлкен қыздары бар апайдың солар көтеріп жүреді ылғи.
Мен апайға :
-- Орамал тартсаңдаршы бастарыңа. Екеуіңіз де бала емізесіздер. Шаштарың дуындуын боп отырғанда бала еме алады ма? Періштелеріңді қашырып дедім. Ең болмағанда баланы тамақтандырғанда тартып алсаңдаршы.
-- Құдайға шүкір жеті бала тауып өсірдім. Қашатын періште сол кезде қашпай ма деді де қойды. Кейін бір жасқа жетер жетпестен қызым тәй -тәй басып жүріп кетті.
Көрші апайдың Гүлданасы 3 жастан асса да жүрмеді. Немересі де мазасыз болды. Ылғи ауыра беретін. Келіні тағыда ұл туды. Ол да мазаң. Бір күні мен ауырып ауылдағы Мағрипа деген апаға бардық.
Ол апа менің жауырынымнан сыйпап отырып сен қызда тіл бар.Үйге барғансоң тұзды суға шомыл деді. Үйге келген соң моншаға кіріп тұзды суға шомылып шықтым. Мұнымды көрген көрші апай не істеп жүрсің деді.
Мен :
-- Апаға бардым.Ол кісі осындай ем айтты дедім. Сол күні апай қызы мен немерелерін алып барыпты апаға. Орамалсыз жалп етіп жетіп барған екеуіне апа қарап отырыпты да:
-- Орамалдарың қайда? - депті.
Сасып қалған екеуі ұмытып кетіппіз деген ғой.
Сосын екеуіне екі орамал беріпті. Сосын кішкентайлардың тамағына саусағын тығып ұйысып қалған шаштарды алып шығыпты.
Ойбай ! Бәсе неге жылай береді, неге лоқсиды десем депті апай.
-- Балаларыңда ешқандай ауру жоқ. Баланы тамақтандырғанда орамал тағу керек.
Біріншіден, таза тамақ бересің. Екіншіден, жын - шайтан түртпей тыныш тамақтандырасың - депті апай.
Содан бастап екеуіде орамал тастамайтын болды. Мен келініме де, тұрмысқа шыққан қызыма да қатар құрбымен жүрген кезден басқа уақытта орамал тастама деп отырамын.
Орамалда кие бар.Асханада тазалық кепілі.
Үлкендердің алдында ізеттіктің кепілі. Бала шағаның алдында ана деген киелі есімнің дәкументі.
Киеңді кетірмей, орамал тарт келін шырағым.