«Оразаның уақытын хабарлаған адамға тозақ оты харам» деген хадис бар ма?

«Оразаның уақытын   хабарлаған адамға   тозақ оты харам»   деген хадис бар ма?

Соңғы жылдары жұрт: «Кімде-кім Рамазан айының басталуын ескертсе, оған тозақ оты харам етіледі» деген сөзді хадис деп таратуда. Алайда бұл — хадис емес, Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жала жабу. Біріншіден, мұндай сөз ешбір хадис жинақтарында келмеген және оның Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейінгі иснады (хадисті жеткізушілердің тізбегі) көрсетілмеген. Екіншіден, Рамазан айының басталуы жаңа айды көрумен анықталады. Қазіргі таңда көпшілік мұсылман мемлекеттерде айдың туылуы осылайша белгіленеді. Сондықтан оны көрмей тұрып, алдын ала нақты күнін айту дұрыс емес. Мұндай діни мейрамдар мен рәсімдерді орындау барысында әрбір азамат өзі тұратын елдің Діни басқармасы жариялаған мәлімдемеге (пәтуаға) мойынсұнғаны дұрыс. Үшіншіден, Рамазан айының басталуын хабарлаған адамның тозақ отынан құтыла салуы шариғат қағидаларына жанаспайды. Себебі, жәннатқа кіру мен тозаққа түсу мұндай істермен емес, шариғат міндеттеген істерді орындаумен белгіленеді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жала жабу, оның атынан біліп-білмей түрлі қисынсыз сөздерді айту — үлкен күнә. Мұндай іс-әрекет сол «хадисті» айтушы және таратушы адамның тозаққа түсуіне себеп болуы мүмкін. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім біле тұра менің атымнан жалған сөз сөйлесе, ол (баратын) жерін тозақтан дайындай берсін», — деген (Бұхари, Тирмизи). Тағы бір хадисте: «Кімде-кім менің атымнан жалған екенін біле тұра бір хадисті айтса, онда ол — өтірікшілердің бірі», — делінген (Мүслим). Ғалымдар жалған хадис айтудан қайтарып, оны таратуға тыйым салған. Мұндай әрекетке барған адам тәубе етіп, Алла Тағаладан кешірім тілеуі керек деген.

«Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 24
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 55
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 37
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 63

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1210
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7255
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11119
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7318
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7466