ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Бүгін Қараспан және Бөржар ауылдық округтеріне қарасты Батыр ата, Бірлік, Жамбыл ауылдарына газ жетті. Жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Игі шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.
1300-ден астам тұрғыны бар Батыр ата ауылына газ тарту жұмысы 2020 жылы басталған. Онда 244 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 19,039 шақырымды құрайды. Ал Бірлік пен Жамбыл ауылдарының тұрғындары да көгілдір отынды ұзақ күтті. Бүгінде қос ауылдың халқының саны 2300-ден асып жығылады. Онда 332 абонент бар. Жалпы тартылған газ құбырының ұзындығы 27 шақырымнан асады.
Айта өтейік, аудандағы 57 елді мекеннің 19-ы газбен қамтылған. Бұл аудан тұрғындарының 38,2 % -ын құрайды. Маусым айында Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына газ беру жоспарланып отыр. Одан бөлек 10 елді мекенді газдандыру жұмыстары қыркүйек-қазан айларында аяталады деп күтілуде.
Шара барысында газ мамандары тұрғындарды табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 245
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 315
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 268
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 304

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5721