⚜️ОРМАН САҚШЫЛАРЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

⚜️ОРМАН САҚШЫЛАРЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
🔸Елімізде қазан айының үшінші жексенбісінде орманшылар төл мерекелерін атап өтеді. Жыл сайынғы жаңылмас дәстүр бойынша бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков өңіріміздегі орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
🔸Орманшылар қыстың қара суығы мен дауылына, жаздың аптап ыстығына қарамастан табиғаттың осынау керемет сыйын көздің қарашығындай қорғап келеді. Орманды қорғау, оған күтім жасау оңай жұмыстың қатарынан емес. Оның үстіне броконьерлерден де қауіп бар екені анық. Осының барлығына зор жауапкершілік арқалайтын орман сақшылары қандай құрметке болса да лайықты.
🔸Осыны ескере отырып, қызметіне қырағы орманшыларға құрмет көрсетті. Жерлестеріміздің еткен еңбегіне ризашылығымызды білдіре отырып, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарды табыс етті.
Шу ауданы әкімдігі
16.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14347
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14275
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29417
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28054
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31582